Cүйемін

Cүйемін
  • Время :
  • Размер : 9.22 MB
  • Формат: mp3
  • 548 просмотров
  • 63 раз слушали
  • 44 раз скачали
Текст песни

Адамға ұқсайтын аққуым едің
Жүрегімді мекендеген
Бал қосқан шәрбаттай тәттім менің
Шың бақытты етемін деген
Бір сиқырмен байлап алдың
Түсіресін күйге қандай
Сені бір сәт ойламауды
Қойдым ғой үйрене алмай

[Қайырмасы]
Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын
Сол үшін жаралған шығармын
Сүйемін, сүйемін
Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме
Жасырмай айтам бар әлемге
Сүйемін, сүйемін

Өзің деп ойянам енді әрқашан
Талай уақыт әлі өтер
Жұмыр жер бетінде сен болмасаң
Басқасының бәрі бекер
Адаспаған бақытынан, ақ арманын ұрлатпаған
Жалғанның бар жақұтынан
Кірпігің қымбат маған

Әні: Арқабек Қырықбаев
Cөзі: Ринат Зайытов

Все права защищены

2020