Кеш

Кеш
  • Время :
  • Размер : 8.27 MB
  • Формат: mp3
  • 398 просмотров
  • 95 раз слушали
  • 43 раз скачали
Текст песни

1) Кеш
Сағынып тағы ән арнасам
Бұрынғыдай жаныңа бара алмасам
Сен аңсаған арманды таба алмасам

Кеш
Ойымды жасырмаған жолдарымды
Гүл сыйлап, құшақтаған қолдарымды
Ессіз ғашық болғанымды

Кеш
Кешіру болар қиын емес
Бақыт деген тек қана сүю емес
Менің жүрегім енді үйің емес

Кеш
Жанбайды сөніп қалған жалын қайта
Бастайсың махаббаттың жолын қайта
Абайлап жүрші, жаным байқа


        (Қайырма) 
Шын сүйгенім үшін кеш
Күрсінгенің үшін кеш
Кешір сүймегеніңді
Түсінгенім үшін кеш.

Таңдағаным үшін кеш
Әр қадамым үшін кеш
Ұмытам деп ұмыта алмағаным үшін кеш.

2) Қош
Не дейін айтшы тағы саған
Емеспіз енді біздер таныс адам
Тек қана қиялымда табыса алам

Қош
Айтылмас бұдан былай мүлде сырым
Жүректе жазылып тұр нұрлы есімің
Берсең болғаны бір кешірім.

Все права защищены

2020