Таң сыры
Кездескенде ақ жүзіңе шағылған,
Күн нұрына ғайран қалып кетіп ем.
Сезімімді күмән санап жаңылған,
Батылым жоқ болғаныма өкінем.
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем.
Қала берем мекенімде сені ойлап,
Жүрсе екен деп өз елінде аман-сау.
Бар тілегім жаз гүліндей жүр жайнап,
Кездесейік жалын атып жанар тау
Жалындаған жас шағымның
Жанғырығы жанар тау.
Сағынғанда бір келерсің,
Сарғайғанда бір келерсің,
Алатаудың бауырына.
Барлық құқықтар қорғалған
2020