НОВЫЕ И ПОПУЛЯРНЫЕ ХИТЫ
Песни
2024
Жүрекшем2023
Шүкір2022
Бекер сағындық2021
ДемеТаң сыры
Кездескенде ақ жүзіңе шағылған,
Күн нұрына ғайран қалып кетіп ем.
Сезімімді күмән санап жаңылған,
Батылым жоқ болғаныма өкінем.
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем.
Қала берем мекенімде сені ойлап,
Жүрсе екен деп өз елінде аман-сау.
Бар тілегім жаз гүліндей жүр жайнап,
Кездесейік жалын атып жанар тау
Жалындаған жас шағымның
Жанғырығы жанар тау.
Сағынғанда бір келерсің,
Сарғайғанда бір келерсің,
Алатаудың бауырына.
2020
Алма бақСұлуым
Жаным жүрек жанады
Эй сені қалады
От боп барады
Таңым кейде таңғы арай
Кейде найзағай
Жаным ол қалай
Домалатсаң допқа айналдым
Жана жана шоққа айналдым
Сенсіз өткен күндерімді санай
[Қайырмасы]
Арайлы шомылып арайға сұлуым
Арман болған талайға
Абайла жарайма дәл мендей өзгелер
Бақытына балай ма
Арайлы шомылып арайға сұлуым
Арман болған талайға
Абайла жарайма дәл мендей өзгелер
Бақытына балай ма
Жаным бұл кім тигізді
Бұлбүл тек ізді
Тіл көзім тасқа
Гүлім жазда күзде ешкім
Эй ешкім үзбесін тек менен басқа
Мың тұрғыздың, мың құлаттың
Жүрегімді жүз жылаттың
Найзағайдай кірпігіңді қадап
2019
ГүлімСен теңіздейсің
Хат жазшы маған
Жаныма менің жағатын
Құм сағаттайын
Таусылды менің тағатым
Ақ бұлттан биік
Қалықтай бермей жерге түс
Қалмасын күйіп қанатың
[Қайырмасы]
Сен теңіздейсің
Жағаңда ұшам шағаладай
Бір-бірімізді жүрміз-ау
Жаным бағалама
Алыстай берме сен менен
Кеудемде бір күш
Тартады жаным саған қарай
Сезім білдірдім
Сөз айтқаным жоқ ұнамсыз
Көңілім ашық
Ауа-райындай тұмансыз
Білмеймін енді
Жүрегің кім деп соқса да
Мен сені сүйем күмәнсіз
Әні/Cөзі:. Рүстем Арсланов
Жасай бер ағаларым
Тағдырдың бөлісем деп тамашасын
Ініге жолсыз жерде жол ашасың
Жақсы аға қара түнде жарық айдай
Аспанда ай болмаса адасасың
Қ/сы:
Жасай берші жаны жайсаң ағаларым
Қайыспайтын жүк көтерсе қара нарым
Маған беріп жолдарыңды мені де ертең
Аға десін арқа сүйеп балаларың
Болсам деп өздеріңдей талаптанам
Астында қанатыңның қанаттанам
Ағалар алдымдағы "Алтын ине"
Біз соның "күміс жібі" сабақтаған
Әні: Абзал Молдабеков
Сөзі:. Аян Cейітов
Қатты сағындым
Есейдім бе балалық жоқ байырғы
Ұқпай жүрмін өз-өзімнің ойымды
Тағдырымнан бақытымды сұрасам
Тағдыр айтты сенің мекен-жайыңды
Қайырмасы
Қатты сағындым
Арасында адастым тәтті сағымның
Мен түгілі сабыры кетті сабырдың
Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның
Қатты сағындым
Жүзің түгілі есіміңнің түсі аппақ
Соны естісем көкірегімнің іші аптапқ
Көркіңді көрмей кетсе көздерім
Жылайды ылғи жүрегімді құшақтап
Қайырмасы:
Қатты сағындым
Арасында адастым тәтті сағымның
Мен түгілі сабыры кетті сабырдың
Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның
Қатты сағындым
Жұмбағы мол Жер шарынан іздеге
Саф алтыным жанымда екен бұрыннан
Жарығым-ау бір адамбыз біз деген
Бірақ, бірақ екі анадан туылған
Әні мен Сөзі Рамазан Амантай
Бір емес
Хат хабарсыз кетесің
Кешір дейсің
Сағындырып жетесің
Кешір дейсің
Бақытты боп өзіңмен
Жүргім келсе
Бақытсыз жан етесің
Кешір дейсің
[Қайырмасы]
Бір емес, екі емес
Бірнеше рет кешірдім
Кешіре берген соң
Кешірместей есірдің
Тоқташы сүймесең
Сезіміммен ойнама
Қаншама қатеңді
Жүрегімнен өшірдім
Айыптасам өзіңді
Кешір дейсің
Артық айтқан сөзімді
Кешір дейсің
Сезіміңді ұғалмай
Кей кездері
Өкпелеткен кезімді
Кешір дейсің
Әні:. Абзал Молдабеков
Сөзі:. Саят Әбенов
Не дейсің
Тек өзің деп тербеліп шырқалар әдемі
Жүрегімнің танғы әуені
Сені нұрлы күн дедім ай дедім сәулелі
Түсінбей ақ қойдың ау мені
Қайырмасы:
От боп жанып сүйгенмін
Неге жаным көнбейсің
Енді маған айым ау жанымау күнім ау
Не дейсің?
Бұл махаббат басымның бағы ма, соры ма
Түсіне алмай жүрмін оны да
Жүрегімді жаным-ау жұлып алып қолыма
Төсер едім сенің жолыңа
Жер бетінде өзіңді бар гүлге теңесем
Сенбей жүрсің маған неге сен
Мен қолымнан келгенін жасадым сен енді
Айға апарып әкел демесең
Әні:. Шынберген Сүлейменов
Сөзі:.Шынберген Сүлейменов
Жақында маған
Сені ғана ойлайтын
Сен деп қана сайрайтын
Жүрегіңде ойнайтын
Махаббаттың күйі болайын
Аңыз болған жастардай
Бақыт құшақ ашқандай
Жаным деші жасқанбай
Жақында маған сүйіп алайын
[Қайырмасы]
Ұмыта көрме ұнатып алып
Мұңайта көрме жұбатып алып
Қирата көрме құлатып алып төзімді
Жасыта көрме жібітіп алып
Жоғалта көрме жуытып алып
Суыта көрме жылытып алып сезімді
Сені сүйер кім мендей
Сенсең соны білгендей
Сағындырып үлгермей
Жаныңда жаным жиі болайын
Асау сезім басылмай
Көзің ойнап жасындай
Тілегіңді жасырмай
Жақында маған сүйіп алайыні
Әні:. Тимур Курбангали
Сөзі:. Ринат Зайтов
Ұнатамын
Қарап қалсан елітпей қоймайтын
Күлімдесен еркелеп ойнайтын
Кһздерің көздерің көздерің
Бар шындығын жасыра алмайтын
Балдай тәтті назданып алдайтын
Сөздерің, сөздерің, сөздерің
Адалымсың, бағалымсың, дара гүлсің жаным
[Қайырмасы]
Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ
Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап
Ұнатамын, тылсым бе едің жырсың бе едің?
Ұнатамын, жанның баға алмайтын әр ісіңді сенің
Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің
Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді
Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным
Құшақтасаң кеудемді қағатын
Бар әлемді сыйдыра алатын
Жүрегің, жүрегің, жүрегің
Махаббатым болып жүруіңді,
Менен ұзақ өмір сүруіңді
Тіледім, тіледім, тіледім
Қосылғанын жасырмадым
Қасыңдамын жаным
[Қайырмасы]
Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ
Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақта
Ұнатамын, тылсым бе едің жырсың бе едің
Ұнатамын, жанның баға алмайтын әр ісіңді сенің
Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің
Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді
Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным
Әні:. Абзал Молдабеков
Сөзі:. Ринат Зайтов
Жүрегімнің тұрғынысын сен
Кейде көңіліме қарамайсың жаралайсың
Кейде өкпелеген баладайсың баладайсың
Саған ғашық болған асып толған жүрегімді тілегімді сезу үшін
Маған көзбен емес көңіліңмен қарағайсың
[Қайырмасы]
Жайнап тұрған қыр гүлісің сен
Сайрап тұрған бұлбұлымсың сен
Бұл өмірдің күн нұрысың сен
Жүрегімнің тұрғынысың сен
Кейде өзгелерге мені жамандайсың
Кейде жақсы көріп, жағдайыма алаңдайсың
Сенде жанарымды жаулап алар
Баурап алар бұл жалғаннан жан таппаймы
Мендей сен де жанып сүйер жанды таба алмайсың
Әні:. Нұрлан Нәсіп
Сөзі:. Нұржан Өмірбай
Махаббатымсың
Екі көзің бірдей жанып
Күлімдейсің күндей жарық
Гүлге теңеп қоя берем
Гүлден сұлу көркіңді білмей қалып
[Қайырмасы]
Алаңдама ақылдым
Саған ғана жақынмын
Жүрегімнен төр бердім
Сол орында отырсың
Мәңгі адал сезіммен
Сен менің махаббатымсың
Сыйладың сен маған айым
Сол себепті бағалаймын
Жүрегімсің, мен өзімнің
Жүрегімді қалайша жаралаймын
Әні:.Өмірзақ Махамбетов
Сөзі:. Ораз Қиынбаев
Жүз әнім
Көздеріңнің мөлдірлігі
Көлдей көркем
Теңіздей терең.
Өмірімнің болдың гүлі
Көзімді ашсам
Сені іздей берем.
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім
Шек қойа алмас
Мен сол кезде
Шалқыдым қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас.
Қайырма
Өзіңе арналатын бар
Жүз әнім 2
Сен үшін қамал бұзамын 2
Есімін басқа,қыздардың 2
Жүрегімнен сызамын
Бақытым боп менің ғана жүр жаным.
2)Қабақ түйіп бұлданба сен
Күлсең жаздың көрдім жылуын
Гүл майысып тұрғанда сен
Аңсамаймын қордың сұлуын
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім
Шек қойа алмас
Мен сол кезде
Шалқыдым қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас.
Қайырма
Өзіңе арналатын бар
Жүз әнім 2
Сен үшін қамал бұзамын 2
Есімін басқа, қыздардың 2
Жүрегімнен сызамын
Бақытым боп менің ғана жүр жаным.
Махаббат заңы
Сен қаласаң да, мен қаласам да
Ұмыта алмайсың сен мені
Айға барсаң да, қайда барсаң да
Ұмыта алмайсың сен мені
Ақ гүлің болсын, шаттығың болсын
Махаббат сол ғой жердегі
Заңдылық бәрі ән болып тағы
Өткен күн мені тербеді
Қайырмасы
Кел деме, қызыл гүл алып кел деме,
Қызарып атқан таңдарға
Менімен бірге ер деме.
Менде де, кінә бар бірақ сенде де
Ұялап үміт тағы да
Өзіңді өзің тергеме
Көктегі Күнмен, көктемгі гүлмен
Сырласам кейде сен жайлы
Аспанда Аймен көңілсіз жаймен
Сырлас екенсің мен жайлы
Сенде сырласпа, менде сырласпан
Бақытың сенің жансыншы
Естелік гүлдер, ескіріп күндер
Тәтті мұң болып қалсыншы.
Жанымның дәрігері
Сенің осы қабағың-ай
Қарақаттай жанарың-ай
Жасандылық жасауғада
Жасқанатын қарағым-ай
Сенбейсіңбе сенесіңбе
Сағынғанда келесіңбе
Сақтап жүрген жан бар деп біл
Күндіз түні сені есінде
Қайырмасы
Сүйем деші тағы мені
Саған сырым мәлім еді
Жүрегімнің сақтаушысы
Жанымның дәрігері
Сүйем деші тағы мені
Сен деп салған әнім еді
Бар дертіме дауа тапқан
Жанымның дәрігері
Ертенгі күнгі елес арман
Күтер қанша белес алдан
Тағдырыма қарыздармын
Сені маған бере салған
Талайлардың арманысың
Адал құсым алданышым
Сен мұңайма ешқашанда
Мені ауыртып алмау үшін
Жақсы көрем осы қалпыңмен
Қайырмасы:.
Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен
Ғашықпын'ау күлкіңеде әр күлген
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен
Сұлулықты іздемеймін әр кімнен
Бар сұлулық мінезіңде ол сенің
Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен
Бар сұлулық мінезіңде ол сенің
Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен
Қайырмасы:
Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен
Ғашықпын'ау күлкіңеде әр күлген
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Сүймегеннің кеудесінде салқын дем
Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді
Ондай жылу сезінемін ал кімнен
Қайырмасы:.
Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен
Ғашықпын'ау күлкіңеде әр күлген
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Сенен басқа жанға қарай алмаймын
Мейлі сыртын аптасада алтынмен
Музыка: Абзал Молдабеков
Сөзі:Саят Абенов
Аңсатқан айлы жаз кешінде
Кешігіп келіп кездесуге
Кешір дегенің, есімде менің;
Махаббат мұңын ұғыншы деп
Көргенде мені күлімсіреп
Жаным дегенің, жадымда менің
Қайырмасы
Мен сені ұмытпаймын,
Сезімді саған деген суытпаймын
Өзіңсіз ой да мені
Ай да әдемі жылытпайды
Ұмытпа сенде мені,
Мен сені ұмытпаймын.
Түсіндім мен де бұл шындықты
Сендегі ұзақ үнсіздікті
Өкпелегенің, кетпе дегенің
Сезімді нәзік елжіреген
Көзіңді сенің мөлдіреген
Ұмыта алмадым, үміт арманым.
2018
ТамашаТамаша
Жаутаңдаған баладай,
Жалындаған жанары-ай,
Жүрегімді кетті жаралай, жаралай, жаралай...
Бір бұрылып қарамай,
Мың құбылып барады-ай,
Әттең сүйген жүректен обал-ай, обал-ай, обал-ай..
қайырмасы
Тамаша, бүгін менің көңіл-күйім тамаша,
Тұр бойыңа сенің биің жараса,
Кел қарындас, кел билейік оңаша..
Балға қонған арадай,
Сені жүрмін жағалай,
Бақытыңды алсаң бағалай, бағалай, бағалай.
Сабыр етсең шамалы-ай,
Сыйлар едім саған Ай,
Теңеуіңді қайдан табам-ай,
Жарығым-ай 2
Бар ма екенмін жоқ па екенмін есіңде мен
Тағдырымның жұмбағысың шешілмеген
Жырымды айтып
Сырымды айтып, шынымды айтып
Тек бір сөзді айта алмадым кешір деген
Қайырмасы:
Жарығым-ай
Сағыныш боп кеудемді қарыдың-ай.
Неге-неге болды екен бәрі бұлай
Жарығым-ай,
Шын бақытты өзіңнен таныдым-ай
Жүрегімде тұрасың жанып ұдай
Жарығым-ай.
Суретіңнен қиыласың маған күліп
Сол сәттерде өртенемін амал құрып
Сенің ғана елесіңмен нұрланады
Ой-санамды басып алған қараңғылық
Жаман ба?
Мынау шексіз ғаламда.
Біз екеуміз әманда.
Бірге болсақ жаман ба?
Ей,жаман ба?
Жақсы емес пе саған да.
Жақсы емес пе маған да
Адал болсақ адалға.
Жаман
Алынбайтын адамға.
Сендік жүрек қамал ма?
Қамалыңды аламда.
Мен аламда!
Жүрем ой мен санаңда.
Шын бақытың болам да.
Өзің айтшы сен онда
Жаман ба?
Жаман ба,жаман ба?
Айналайық алауға.
Жаман ба,жаман ба?
Жоқ дегенді тәмамда.
Жаман ба,жаман ба?
Бақытым деп бағамда.
Жаман ба,жаман ба?
Айтшы маған жаман ба?
Жаман ба,жаман ба?
Жалын ойнап жанарда.
Жаман ба,жаман ба?
Маxаббаттай аралда.
Жаман ба,жаман ба?
Бірге жүрсек жаман ба?
Жаман ба,жаман ба?
Айтшы маған жаман ба?
Қалай ұмытам?
Сағынысып көріскен,
Кезді қалай Ұмытам?
Сүйем деген періштем,
Сөзді қалай ұмытам
Мен өзіңді қызғанған,
Шақты қалай ұмытам?
Қол ұстасып біз барған,
Бақты қалай ұмытам?
Қайырмасы :
Мен өзіңді ұмытпаймын көресің,
Сені ғана сүйгеніме сенесің.
Мейлі жаным қосылмай-ақ кетсекте,
Жүрегімде өмір сүре бересің!
Алғаш саған ұсынған,
Гүлді қалай ұмытам.
"Алмаймын" деп қысылған,
Күнді қалай ұмытам?
Хат жазысып отырған,
Түнді қалай ұмытам?
Көздеріңнең оқылған,
Сырды қалай ұмытам?
Саят Əбенов
Жек көрме
Өз қалауың, таңдауың
Енді мендік болмауың
Жолың болсын, биік болсын самғауың
Бөгемедім жолыңды
Сенікі де орынды
Сондықтан, созбаймын қолымды
Қ-сы
Жек көрме кектенбе.
Өкпелеме өткенге
Мен қошбол деп айтқанжоқпын
Саған кеткенде
Жек көрме кектенбе
Күзде сұлу, көктемде
Махаббат, ғажабы арманға жетпеуде<
Қарамасаң қарама
Жараласаң жарала
Мен ғана емес жаралы бұл қалада
Сезіміңнің солғаны
Заңдылыққой ол дағы
Жек көріп кетпесең болғаны......
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Мен саған ғашық емеспін
Жанымнан ұшпа, жанымнан ұшпа
Жаным-ау маған сен керексің жазда да, қыста.
Жазда да қыста, жанымнан ұшпа
Адасып қалам сен болмасаң қолымнан ұста
Қолымнан ұста, шыдай алмаймын
Жанымнан ұшпа мен сағынышқа.
Қайырмасы:
Өзендей өмір ағады,
Алыстап арман барады.
Жыр болып аппақ параққа,
Жүректің жасы тамады.
Сен кіммен астың белестен,
Мен саған ғашық емес пе ем.
Күнде де, түнде, күнде де түнде
Күлімдеп жүргін күнде де түнде қайғыны білме
Қайғыны білме, мойыма мүлде
Соқса да дауыл, жауса да жауын мойыма мүлде
Мойыма мүлде айдында шолып аққумен бірге
Бақытты күнде көктемде гүлде күзде де гүлде
Қайырмасы:
Өзендей өмір ағады,
Алыстап арман барады.
Жыр болып аппақ параққа,
Жүректің жасы тамады.
Сен кіммен астың белестен,
Мен саған ғашық емес
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
АЯЛДАМА
1) Көктөбенің гүліндей көркем едің
Жанарыңмен жаныма еркеледің
Аялдама астында жолықтырған
Күнекейдің өзіндей еркем едің
Қайырмасы:
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
2) Тіршіліктің көлігі сабылысқан
Саған деген көңілім алып ұшқан
Өзің жаққа қараймын жалтақдаумен
Жаралған жан сенбісің сағыныштан
Қайырмасы:
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
әні: Жақсыбаев сөзі: Жақсыбаев
Ауылға сағыныш
1.Қызғалдақтар құлпырады белдегі,
Аққу-қаздар ән салады көлдегі,
Бар көрініс түрленеді елдегі
Сағынышты бірге тойлап мендегі.
Қайырмасы;
Құтты болсын айтып келін алғанға,
Сәлем беріп күміс сақал шалдарға,
Жүрші достым бірге барып қайтайық
Ауылдағы ақ-пейілді жандарға.
2.Елге барсам ерке самал еседі,
Көңілімнен күйбең тірлік көшеді,
Дос-құрбыммен бірге жүрген кешегі,
Бір аралап қайтайықшы көшені.
Қайырмасы;
3.Қымыран мен қымыз ішсем бал тамған,
Тұлпар мініп құмда қалсын қол таңбам,
Сыр тартайын аймен жұлдыз шолпаннан,
Көк майсаға жата қалып шалқамнан.
Қайырмасы;
әні: Ш.Сүлейменов сөзі: Ш.Сүлейменов
Сен жоқта
1. Жанымда жүргенің
Бақыт деп білгенім
Әттең ол сағым екен
Мен жетпес гүл ме едің
Еркелеп күлгенің
Өзгенің бағы ма екен
Сәт сыйлап қас қағым
Кеттің де тастадың
Жазықсыз сезімді отқа
Елеспен тілдестім
Елеусіз күн кештім
Ардағым өзің жоқта
Қайырма:
Сен жоқта айналаны
Түн басып,жаныма мұң жайланады
Болады ылайым
Көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым
Ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай суық қара тасқа
Құс жастық айналады.
Көп күмән көңіліме
Байланады
2.Сағынам әлі де
Сен жайлы бәрі де
Санамда ой жүрсе мың
Көз салмай бір қызға
Ең жарық жұлдызға
Атыңды қойдым сенің.
Не қиып кете алмай
Не саған жете алмай
Әурелі күйде жүрмін
Жолыңды тосқаным
Әніме қосқаным
Дәлелі сүйгенімнің.
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Бір көргеннен
Жолықпай жүрді жол қарағанмен,
Кезікті бір жан жолым болып.
Ұрланып тұрып бір қарағаннан,
Маңайым кетті гүлге толып.
Қайырмасы;
Олай дедім бұлай дедім,
Еркелесе шыдай бердім.
Жан жағына Нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім.
Мекен жайын сұрап қалдым,
Ебін тауып гүл ап бардым.
Мөлдір көзді,
Сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.
Тулайды жүрек, тулайды келіп.,
Арнама сыймай ағылып жыр.
Қиялымдағы періште бейне
Аңсатпай менің қасымда жүр....
әні: Ербол Спаналиев сөзі: Ербол Спаналиев
Өзгермесім
Суретші, суретін сала алмас,
Ақындар, теңеуін таба алмас,
Жұлдыздар, аспанда тұрған
Дәл сендей жарық болып жана алмас.
Ғалымдар, жұмбағын таппаған,
Сүттен ақ, балдан да тәтті адам,
Мендегі жүректі сенсің
Жауын мен дауылдардан сақтаған.
Қайырмасы;
Жаным, мен үшін бәрінен дарасың,
Таңдауым, бір өзің ғанасың,
Қандайсың, сондай боп қаласың,
Барлық, дүние өзгеріп кетседе.
Жердегі жандардан басқасың,
Әр сөзім, сырымды растасын,
Әрқашан, он сегіз жастасың
Бір жыл өтседе бір ғасыр өтседе.
Баянды, бақытым бағалым,
Атыңды, тұмарғып тағамын,
Самғашы, көңіл көгінде
Сен барда, менде қанат қағамын.
Ешқашан, өзгеге сенбеші,
Мен үшін, жоқ жансың теңдесі,
Жалықпай, айтамын саған
Күнім сен,күнім сен сөнбеші.
Қайырмасы;
әні: Қ. Әбілов сөзі: Ринат Зайытов
Анам мен Әкем
Анамның көзі,
Ғаламның сыйлығындай.
Әкемнің сөзі,
Хандардың бұйрығындай.
Өмірде өзі,
Қадірін кейде ұғынбаймыз.
Қайырмасы;
Анам мен әкем.
Адал жан екен.
Адалдығыңнан жаралған екем.
Жүрегімдегі бұл өмірдегі.
Ең керемет адамдар екен
Анашым сыйың,
Бәрінен биік екен.
Таудан да биік,
Әкемнің иығы екен.
Шықсам да шыңға,
Басымды иіп өтем мен.
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Нұржан Өмірбай
Сұлулайым
Бір сәт жылт еткен сәуледей, көрініп ғайып болдың,
Аңсап, қол созып жетерде, қалай көз жазып қалдым?
Бейнең тылсым сырға толы, қиялмен жобалайын,
Сендей жұмбақ арулардың, есімі "Сұлулайым"
Қ-сы
Қайдан іздеп сені қайдан, табар екем сұлулайым,
Ойдан шығар емес ойдан,
Көңілдесің сен әрдайым,
Қайдан іздеп сені қайдан табар екем сұлулайым.
Жұмсақ жайдары мінезің, жүрекке жайлы шығар,
Көркің ақылға сай келген, күндей шырайлы шығар,
Қайта сені бір көрмесем, бар төзімім таусылар
Менің осынау жайымды, тек ғашық жандар ұғар.
әні: Мархаба Сабаи сөзі: Мархаба Сабаи
Қимай сені барамын
Ұнатып ем мен сені нәзік гүлге теңеп
Ұнатып ем сен мені шуақ күнге теңеп
Қыс келді-көктем өтті
Сол бір сезім текке кетті
Өмір өкпелетті, мені
Қайырмасы
Мұңлы жанарым
Жоқ қой амалым
Қош бол,бақыт құс.
Қимай сені барамын.
Сүйіп едім мен сені сезім тербеп еді
Сүйіп едің сен мені тағдыр бөлмеп еді
Күн суып ыстық арман-сары жапырақ түсті жалған
Құстай ұшты арман алыс
Қ-сы
Жанымды гүлге бөліп саған сенем көктем
Құстары әнге бөлеп
Қайта келер көктем
Аялдамас қыс та өтер
Жанға салқын ызғар өтер
Көктем келер,көктем келер
Қ-сы
әні: Т. Мұхамеджанов сөзі: Ш. Сариев
ТЫҢДАШЫ
1. Сезім дерті жүрегімді мазалайды
Сенен өзге бір жан оны жаза алмайды
Келші келші кетпеші тұрақташы
Саған айтқан сөзіме құлақ салшы
Сендей ешкім дауа болмайды
қайырмасы:
Тыңда тыңда тыңда тыңда тыңдашы
Жүрегімді тыңдашы
Тілегімді тыңдашы
Махаббат сыйлашы
Ооооу тыңдашы
Мейлі күнді ұрлашы
Мейлі ұйқымды ұрлашы
Тек әуре қылмашы
2. Іздеп сені күнде көңіл алаңдайды
Сыздап жаным от боп күйіп алаулайды
Жалғыз жалғыз жалғанды кеш д(е)ймісің
Мүмкін емес сен мені естимісің
Мына жүрек сені қалайды
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Қ. Жаманқұлов
Мен жақынмын
Бар шынымды қарап білші көзіме
Сене берме айналаңнын сөзіне
Мен қыздарға көз салсамда қарадым
Жетпейді деп айту үшін өзіңе
Қ-сы
Мен саған жақынмын
Түсірмеймін бағасын алтын затыңнын
Жүзіңді көру үшін таңды да атырдым
Түсімде көру үшін түнді батырдым
Мен жақынмын
Сенің жаныңда батыр сері ақынмын
Сенің арқаңда мемлекеттің кішкентай
Патшасына айналып келе жатырмын
Сен жайында көрген тәтті әр түсім
Сөздеріңнен сезім исі аңқысын
Әлі күнге бақыт іздеп жүрмін мен
Саған бөліп беру үшін жартысын
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Көз алдымда нұрлы жүзің
Махаббаттың оғы тиіп
Жаным менің жаралы
Бір көргеннен соны сүйіп
Есімді алып барады
Қайырмасы
Көз алдымда нұрлы жүзің
Көрінесың боп елес
Сенің басқан әрбір ізің
Алтын тақтан кем емес
Сен махаббат теңізісің
Мен теңізде балықпын
Өмір сүрем соның үшін
Бұл сөзімді дәл ұққын
Қайырмасы
Махаббатта ақыл бар ма
Сенбісің шын кемеңгер
Мін бола ма сүйген жарда
Адам бар ма мені емдер
Қайырмасы
әні: Ескендір Хасанғалиев сөзі: Түрік Әні
Атамекен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайырмасы
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы
әні: Ескендір Хасанғалиев сөзі: Қадыр Мырзалиев
Меніңдағы бір аққуым бар шығар
Алатаудың басындағы қар шығар
Қар болса егер ол да кетер аршылар
Көңілімнің айдынына қонатын
Меніңдағы бір аққуым бар шығар
Алатаудың етегінде тал шығар
Сол талдарға пана болар бар шынар
Көңілімнің айдынына қонатын
Меніңдағы бір аққуым бар шығар
Алатаудың биіктіктен даңқы бар
Сол бір даңқың әсерлеумен жанқұмар
Көңілімнен қайда жүрсең кетпейтін
Меніңдағы бір аққуым бар шығар
әні: Алтынбек Қоразбаев сөзі: Серік Тұрғынбеков
Қазақстаным ұлы Отаным
Қызығамын мұнартқан шың-құздарына
Қызығамын күн мен ай, жұлдыздарына
Қызығамын бақытты ұл-қыздарына
Қызығамын маржандай өзен-көліне
Бағаламай өткізбе мына уақытты
Ақ сарайым алтыннан далам жақұтты
Тәңір сүйіп нұр жауған Қазақстаным
Сенде туған адамдар қандай бақытты
Қайырмасы:
Ақ отауы той, әр күндері той
Өмірлері той, көңілдері той
Аққудайын бұл менің киелі елім ғой
Қазақстаным ұлы отаным-ай
Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой
Байқап жүрмін біреулер көре алмайды екен
Қорғанымды мен жүрмін өрей алмай бекем
Ата-бабам тапсырған жерімнен мынау
Бір қарыста ешкімге бере алмайды екем
Оянатын жүрегі ел деп шырылдай
Нұр ағамның әр сөзі алтын туындай
Сені сүйген сан ұлттар жан досым менің
Сені сүйген әр қазақ жалғыз ұлындай
Қайырмасы:
Ақ отауы той, әр күндері той
Өмірлері той, көңілдері той
Аққудайын бұл менің киелі елім ғой
Қазақстаным ұлы отаным-ай
Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
Ойлан
Керемет күнді қалай елестетесің қол созып кімге
Кімменен бірге оранып гүлге
Мен онда бармынба
Ұшамынба жол тартып күнге
Бармынба онда жоқпынба мүлде
Қайырмасы:
Оятайын жаным сүйіп көздеріңнен
Аялайын жаным жылы сөздеріммен
Ойлан жаным ойлан
Ойымда өзіңде жай ғана адамсың
Ал мен үшін қол жетпес ғаламсың
Ойлан оу ойлан
Көгімде зулайды тымбайды ақ қанат көгершін жылда
Көгершін жылдар сенде бір сыр бар
Жүрегім сағынар тасылар кім мені тыңдар
Ағады жылдар кім мені тыңдар
Қайырмасы:
Оятайын жаным сүйіп көздеріңнен
Аялайын жаным жылы сөздеріммен
Ойлан жаным ойлан
Ойымда өзіңде жай ғана адамсың
Ал мен үшін қол жетпес ғаламсың
Ойлан оу ойлан
әні: Шразатдин Нүратдинов сөзі: Б.Есебаев
Өзгеше қыз
Сезім сезім сырын ұқтырып,
Көзің мөлдірейді тұп тұнық
Төзім ете білу мықтылық
Сөзім бір болайық жұп құрып
Өзің өзің жүрсің күттіріп
Қайырмасы:
Жалындырмай сағындырмай кел,кел бері
Ел танитын күн туады ертең мені
Өзгеше қыз өзім туған өлкемдегі
Сені сені сені жүрмін көргелі
Меңі жарасымды гүлдерің
Сені етсем деймін жібегім
Емі жүрегімнің бір өзің
Енді не қалайды тілегің
Мені қаласа екен жүрегің
Қайырмасы:
Жалындырмай сағындырмай кел,кел бері
Ел танитын күн туады ертең мені
Өзгеше қыз өзім туған өлкемдегі
Сені сені сені жүрмін көргелі
әні: Шынберген Сүлейменов сөзі: Аян Сейтов/ Ораз Қиынбаев
Қайда қалды
Қайда болдың?
Күнге өртеніп сені іздеп Айға қондым,
Қайда болдың?
Бәрі бәрі өртеніп басылғанда
Сен ғайыптан қалайша пайда болдың,
Өмір аққан зулай зулай өткенде
Кездесіп ек біз екеуміз көктемде
Ааааааааа
Тулай тулай жеткенде
Айдын жатыр аққу ұшып кеткенде
Қайда қалды қайда қалды
Ой санамды өкініш жайлап алды
Қайда қалды қайда қалды
Өткен күндер елес боп қайда қалды
Кел деп едім
Кездесуге дұрысқой келмегенің
Тергемедім
Жылы ұясы бар екен берекесін
Ұшырмайын дедіңау сенде менің
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
Ойла
Ойла
Мен жайлы күндіз түнде де ойла
Кешіксем сағынды деп ойла
Мүмкіндік тапса жетер деп
Ойла
Жанымның сырын жұмбақтасам
Көзіңе қарап тіл қатпасам
Үнсіз сүйеді екен деп
Қ-сы
Ойла
Асау толқындай сезімімді
Қамалдай берік төзімімді
Жоғалта көрме бойыңнан
Ойла
Тек қана сендік екенімді
Өзіңді сүйіп өтерімді
Шығара көрме сен ойыңнан
Ойла
Аңсаған көңіл алаңдаса
Өзіңе мені жамандаса
Бағаланбады деп ойла
Ойла
Елеусіз ғана бір таңдарда
Менің əр əнім шырқалғанда
Тек саған арнады деп ойла
әні: Қуат Әбілов сөзі: Ринат Зайытов
Қап-қара жеңгем әдемі
Қап-қара жеңгем қап-қара
Сырыңды айтшы ақтара
Қасыңда жүрген сол жылдар
Сəулелі қандай шақтары
Қ-сы
Қап-қара жеңгем əдемім
Жап-жарық сенің əлемің
Ұрпаққа үлгі өнеге
Иіліп салған сəлемің
Қап-қара жүзің түнғақты
Жан бар ма сенен қымбатты
Қаншама қайның еркелеп
Сырларын саған тыңдатты
Қ-сы
Қап-қара жеңгем ғажабым
Өмірдің көрме азабын
Бұрымыңдай болып өрілген
Арналар саған саз əнім
Өнеге үлгі жиғаның
Əр қашан жұртты силадың
Қап-қара жүзің болса да
Күрең шəй дəмдеп құйғаның
Қ-сы
Қап-қара жеңгем зор ісің
Бағыңды ағам қорысын
Қап-қара деген қалжыңым
Қара емес, қара торысың
Қап-қара жеңгем көріктім
Өзіңдей сырға берік кім?
Қап-қара тастай ағамның
Жүрегін қалай еріттің ?
әні: А. Қоразбаев сөзі: М. Шоқай
Махаббат қаласы
Бір ғана, айтарым саған бір ғана
Ұйқымды енді ұрлама
Түсімде күліп келмейаққой
Тыңдама, сағындым десем тыңдама
Бара бер қолды бұлғама
Сүйемін десем сенбейаққой
Сезім отына
Күйіп жатсам да
Көңіл бөлмейаққой
Қ-сы
Сен неге
Жолықтың мендей пендеге
Жер беті дейтін бөлмеде
Кететін болсақ қосыла алмай
Мен неге
Қалардай болып сен келе
Атыңды жазып кеудеме
Жүрмін өшіре алмай
Алданба
Сенде енді жаным алданба
Орындалмайтын арманға
Аялдамамғой деп қарашы
Жандарда
Жүрекпен сүйген жандарда
Жолда қалады жалғанда
Жалғана алмайтын екі арасы
Біздің бақытқа
Пəтер бермейді Махаббат қаласы
Қ-сы
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Ақ маржан
Ақ арманым аңсаған
Ғашық болдым мен саған
Жүрегімді қалай емдеймін
Баяны жоқ бес күнде
Естімеймін ешкімді
Сенен басқа жанды көрмеймін
Құшағыма сен келмей
Тал бесігім тербелмей
Шағаласыз шалқар көлдеймін
Қ-сы
Ақ маржан-ау, ақ маржан
Мақта көңіл мақпал жан
Сені сүйю маған тәтті арман
Ақ маржан-ау, ақ маржан
Жүрегімде жатталған
Хабар күтіп, жүрмін хаттардан
Махаббатым кел бері
Сүйесіңбе сен мені
Сезіміңнің айтшы ашығын
Тоғыстырып жолыңды
Ұстат маған қолыңды
Жолықпайық енді жасырын
Атқан оқтай күн өтсін Шапқан аттай жыл өтсін
Сүйіп өтем сені ғашығым
Қ-сы
әні: Шразатдин Нүратдинов сөзі: Қ. Алагөзов
Қанатымды іздеймін
Мен бір күрең күздеймін
Неге күдер үзбеймін
Қар астынан сен десе
Қанатымды іздеймін
Күлкің емес күлгенің
Алғаш емес бұл менің
Біздер жүрген бақта, жалғыз
Не істеп жүрмін білмедім
Қ-сы
Күндер өтті бір-бірден
Жолға қарап тұрмын мен
Сол күндердің қайта оралмасын
Жаным кім білген
Жасың айтты көздегі
Діріл айтты сөздегі
Торда ұстамай жібер деп
Сүйеді ол деп өзгені
Көңілімнен жүз аттың
Жүрегімнен мың аттың
Түсін мені менде адаммын
Мен де сүйдім ұнаттым
Қ-сы
әні: Бағлан Омар сөзі: Б.Есебаев
Ұрлықшы қыз
Сен ұрлап алдың
Жүрегімді менің жүрегімді
Ұмыттым желсіз тұнық күндерімді
Алдында терезеңнің тағы тұрмын
Құшақтап ап қолыма гүлдерімді
Сен ұрлап алдың
Жүрегімді менің жүрегімді
Ұйқыдағы жоғалттым түндерімді
Көрмей қалсам өзіңді тұншығамын
Сенсіз қалай білмеймін жүргенімді
Қ-сы
Жүрсемде көріп, Қыздарды қылықты жүз
Жарқыраған бірі ай, бірі жұлдыз
Жүрегімді ұрлаған алайдай сен
Ааай ұрлықшы қыз
Мен, мен емеспін
Қатты өзгердім қасыма сен келгелі
Жойылды бар қайғы мұң кеудемдегі
Жүректі қолыңдағы менен алған
Тек өзің сүй басқаға берме енді
Мен, мен емеспін
Осы күннен бастап біз бір адамбыз
Мұңаямыз да бірдей қуанамыз
Сенсің енді білгейсің бар бақытым
Жүрегімді бүлдірме ұрлаған қыз
Қ-сы
әні: Т. Жархасан сөзі: Д. Құйқас
Жаз өмірді тырыссам күз етуге
Жаз өмірді тырыссам күз етуге
Сен екенсің жалғайтын, үзетінді
Жарқырасаң сен жақтан күн өтуде
Жақындасам жүректен сыз өтуде
Қ-сы
Жаз өмірді тырыссам күз етуге
Құстай ұштың араны түзетуге
Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек
Махаббатты сақшыдай күзетуде
Байқаймысың өткел жоқ біз өтуге
Таусылмайды сыйластық іззетіңде
Кел қарағым қара бұлт келмей тұрып
Көк аспанды бөлейік біз екіге
Қ-сы
Қандай жазу білмеймін маңдайда тұр
Бізге бақыт мен білсем шалғайда тұр
Жаз өмірді тырыссам күз етуге
Болмай жатыр қайтейін болмай жатыр
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
2017
Үйлендім менҮйлендім мен
Үйлендім мен,бойдақ емеспін
Қалды елес күн, артта бəрі
Үйлендім мен, ғажап өмірім
Тасып көңілім , шаттанады
Ойла үйленген бұл пайда
Дайын болып шəйда, турады екен
Қайда, жүрсеңдағы тойда
Отбасың тек ойда, турады екен
Керемет жайым, жоқ енді уайым
Аяулы жарым бағым бар
Үйленбегендер,жүребермеңдер
Бақыттарыңды іздеп табыңдар
Қ-сы
Менде үйлендім ,бойдақ емеспін
Қалды елес күн, артта бəрі
Үйлендім мен, ғажап өмірім
Тасып көңілім , шаттанады
Таңда, бəрін береді алда
Ұмтыла бер талма,
Арманыңа
Алға, жалтақтамай самға
Қанағат қыл барға, жан жарыңа
Үй болу деген, қиын да емес
Жүректе сезім иман бар
Ата-анаға келер балаға
Бақытты өмір сыйлаңдар
Қ-сы
Иə иə мен үйлендім, сенде енді үйлен
Жамандардан жирен
Жақсылардан үйрен
Қазағымның əр ұл-қызы серігімен сүйген
Мағыналы ғұмыр кешсін тек бақытты, күймен
Қ-сы
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Ауылды аңсау
Мақтаны мал мен мүлік болмайтын
Мекені көркем қауымның
Есіктерінде құлып болмайтын
Біз туып өскен ауылдың
Жұртының кетпес нұр жанарынан
Бəрінің бөлек бітімі
Мейірімді үйлердің мұржаларынан
Күлімдеп шыққан түтін
Қ-сы
Қыдыртып қырда,сайда күлгізген
Куəсі тəтті шағымның
Бұзау байлатып тайға мінгізген
Ауылым сені сағындым
Алыстағандай ботасы Інгеннен
Сендей жер таппай сабылдым
Азамат бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым
Жеңгелер жүрме атса таңдары
Күн батпай тыным таппаған
Аманба елдің ақсақалдары
Шежіре сырлар сақтаған
Біліп қалардай білдірмегенді
Қарайтын қыздар қиылып
Келін болдыма бұл күнде енді
Сəлемін салар иіліп
Бəріде сонда ізгі бауырдың
Көңілі көктем құлпырған
Баласы ғой деп біздің ауылдың
Мақтанды ме екен сыртымнан
Қаланың қанша төрін алғанмен
Ауылым асқақ жырым ғой
Басым Алланың добы болғанмен
Жүрегім сенің гүлңі ғой
әні: Е. Ұарақойшы сөзі: Ринат Зайытов
СОНДА ДА СҮЙЕМ
Жапырақтай бұл жүрек
Ұмыта алмай жас күнін
Ұмыта алмай аңсайды
Сүйгенінің назды үнін
Менің жаныма менің көзіме
Жаңбыр жауғызып
Сен қайда жүрсің жаным
Сағынады менің жүрегім
Ақылыңды ала ала, сені қолдан ұшырдым
Қайран көңіл қала қала, қол жетпесін түсіндім
Мен калай бакытты елестетем өзіңсіз
Сан гүлдердің ішінен, сонда да сенде көңілім
Қ-сы:
Жаным сен мені сен мені сүймесеңде
Бала жүрегім алдана алмайды
Жылынар бір сөз қимасаң да
Жаным сонда да сүйем
Ақылымды ала ала, сені қолдан ұшырдым
Қайран көңіл қала қала, қол жетпесін түсіндім
Мен калай бакытты елестетем өзіңсіз
Сан гүлдердің ішінен, сонда да сенде көңілім
әні: Түрік әні сөзі: Б.Есебаев
Ақ жеңешем
Ағамның жары ақ жеңешем
Қайныңды ойлап қам жеме сен
Сай келініндей менің анамның
Айгеріміндей Айбайдың
Ғасыры бөлек демесең
Қ-сы
Айданда ару жеңешем
Күнненде көркем жеңешем
Мейірім қанбас мен саған еркелемесем
Жар табу сіздей арман шығар
Армандай берсем алдан шығар
Бойдақ жүргенім жаныңа батып
Ойлап жүргенің бар шығар
Өзіңдей асыл жан шығар
Қ-сы
әні: Ш. Сүлейменов сөзі: А. Сейтов
САҒЫНЫШ
Мұңға батқан жүректің
Шағаласын шулаты
Сені аңсаймын жанымның
Толқындарын тулатып
Сандуғашқа сайраған
Сен жайлы әнді тыңдатып
Білесіңбе мен үшін
Сені көру, мың бақыт
Қ-сы:
Қалай журсін сағынбай?
Қалай жүрсің үндемей?
Айлы түнде аңсау мен
Әнге салған кім демей?
Мен аңсаймын сол шақты
Күндемейде,түндемей
Сөндірдік ау бекер біз
Үміт отын үрлемей
Өткен күндер расында
Жазылған ны маңдайға
Жүрегімді жұбатып
Түсінетін жан қайда?
Ақ бақытым шалғайда
Жаурамайма тоңбайма?
Мен кінәлі шығармын
Сен кешірсең болмай ма?
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
Іздедім
Қай жақта жүрсің, алыстамысың
Жерде ме əлде , ғарыштамысың
Жолыма менің жолықтың бекен
Танысып алып табыспау үшін
Қ-сы
Іздедім, іздедім
Жазбе едің күзбе едің
Мөлдіреп тұрғаныңмен, суық мұзбе едің
Сонда да сенен күдер үзбедім
Елес болып кездескен
Сен сағым қызбе едің
Бір кетпедің ойымнан
Сезімімді жеңетін, күш таппадым бойымнан
Тәтті мұңыммен, үйлесіп əнім
Дəл мендей ешкім, сүймесі мəлім
Раушан гүлдердің, кім білген бірақ
Сұлу болғанымен инесі барын
Қ-сы
Іздедім іздедім
әні: Есен Жүсіпов сөзі: Ринат Зайытов
Бакыт жарнамасы
Атыңды жазған, кестелеп алғаш
Көңілім іздеп сені алаң
Күтуден ұзақ ештеңе болмас
Өмірім ғана тең оған
Қ-сы
Жылжиды жылдар оранып айды
Қоштастық сөніп от бірде
Бақыттың қандай болары жайлы
Жарнама жасап кеттіңбе
Жылытты жанды, отың тоңғанда
Батырдың енді бал мұңға
Кемпірқосақтан көпір салғанда
Аспанға шығып алдың ба
Қ-сы
Таңдарым қайда алтын арайлы
Жанарда ойнар жас арман
Тауларға таулар жақындамайды
Тағдыры солай қашалған
әні: Жарылқасын Даулетов сөзі: Бекжан Әшірбаев
Екеумізде бір жүрек...
Шақырады жол шығып,
Қанат талса ұша ұша.
Сағынамын құшағыма,
Гүлдерімді қыса қыса.
Гүлге айналдым құша құша.
Екеумізде бір жүрек,
Жол бөлек жатқаны ая.
Көздеріңе маржан моншақ,
Тағдырдың таққаны ая,
Жаныма батқаны ая.
Қайырмасы:
Есігін жап,
Өткен күндердің, көктем күндердің.
Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада,
Дауылда қалып, жауында тұрып.
Мұндай азапқа түспей күн кешпей екі жағада,
Қаға бер қанат,
Маған қарама.
Мені сен аяп,
Қатардан қалма , жолды қайырып.
Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада,
Дауылда қалып, жауында тұрып.
Мұндай азапқа түспей күн кешпей екі жағада,
Қаға бер қанат,
Маған қарама.
әні: Иран Әні сөзі: Б.Есебаев
Біреусің
Жүректе жырым боп жатталасың
сүйкімді сырым боп сақталасың
өзіңе ғашықпын жер бетінен
тағы бір сендей жан таппағсын
Қ-сы
Біреусің, əлемде біреусің
жаныма тіреусің асқан дара
біреусің, ұмытпай жүрерсің
жерде де біреусің аспанда да
Қиялдың шыңымен теңдес едің
үмітпен бақытқа жерлес едің
өзіңдей ару жоқ болмағанда
болады десе де сенбес едім
əр-бір таң бағыңды тілеп атсын
сұлусың арымен жүреген ақ шын
сен жалғыз емессің жаныңдамын
жалғанда бірақта біреу ақсың
әні: Қ. Кеңесов сөзі: Ринат Зайытов
Алғысым көп бәріңе
Балғын жүрек ерке сезіммен
Сахынаға келген кезімнен
Қошеметтеп мені қолдадын
Бәрекелді - деген тәтті сөзінмен
Елім сені артық көрем өзімнен
Қ-сы
Адал баға берген əніме
Алғысым көп жаспен кəріңе
Жүзінді көруге əн салып беруге
Келіп тұрмын бəріне
Теңіз болсан мен бір тамшымын
Қуанышқа ғана жаршымын
Ақ батаңның қабыл болғаны
Менін бүгін алып жатқан бар шыңым
Шың қорғаны тыңдарманы əншінін
Алтын тағым төрім кең далам
Бағыңды тілеген мен балан
Бір əн салсам жүз күн қол соғып
Қуат беріп жүресінғой сен маған
Сақтасыншы Қазақ деген елді аман
әні: Абзал Молдабеков сөзі: Ринат Зайытов
Ешкімге айтпа
Саған айтқан жан-сырымды ешкімге айтпа,
Сырлы сөзі ұнағанға.
Біз білетін бал-шырынды ешкімге айтпа,
Айта көрме сұрағанға.
Көзіндегі тамшы-мұңды ешкімге айтпа,
Жалғызсырап жылағанда.
Маған айтқан бар шыныңды ешкімге айтпа,
Менен басқа бір адамға
Қайырмасы:
Сенің сұлу түріңді,
Сенің тәтті тіліңді,
Қалай сүйетінімді ешкімге айтпа.
Əлі талай тілдесеміз,
Бақытты күн кешеміз,
Арманымды ешкімге айтпа.
Жаралғандай жан екенсің жақсы көруге,
Көркем еттің гүл-бағымды.
Менің өмір хикаямның басты рөлінде,
Білемісің тұрғаныңды.
Саған ғана құпиямды аштым өмірде,
Шешу үшін жұмбағыңды.
Сан жылдардың сандығындай жас жүрегіңде,
Сақта жаным, сырларымды.
Ұлдың жолы - ұлы жол
Жоқ дей көрме теңдесім
Көкте емессің жердесің
Жас жүрегің алданып
Мақтағанға сенбесін
Періштесің десем де
Сенде өзімдей пендесің
Бояуы жоқ махаббатымды
Бағалай біл сен
Жалғандағы жерлесім
Аспандағы ай болсаң
Созбас едім қолымды
Ал жұлдызға айналсаң
Тоспас едім жолыңды
Қиялменен самғау да
Болған менен орынды
Арманда сен жаным арманда
Құшағыма келіп қонуды
Шын бақытты адам болуды
Бірі бақта бірі сор
Бұл өмірдің сыры мол
Жылытатын жанымды
Адалдықтың ңұры бол
Сенімімнің жыры бол
Көңілімнің гүлі бол
Қыздың жолы жіңішке бірақ
Есте сақта сен
Ұлдың жолы ұлы жол
әні: Гүлжігіт Сатыбеков сөзі: Ринат Зайытов
Өмір-өмір
Бұл өмірдің қысыныңда жазының
Бәрі күту тағдырыңның жазуын
Көріп тұрып сан мың адам өтседе
Жинамаймыз аxіреттің азығын
Дүниені таусылардай тасыған
Адамдарға қарап тұрып ашынам
Бұл жалғанда қалатындай мәңгілік
Және қайта бастайтындай басынан
Қ-сы
Өмір-өмір
Бірге жүрген ғажабыда азабы
Өмір-өмір
Қайтарында жылататын базары
Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп
Өмір өмір өтесіңау бес күн боп
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
Көзің барма көремісің жарықты
Енді қара жанары жоқ ғәріпті
Бірім екі болмады деп екім төрт
Дүниеге тоймайтындар налытты
Жер бетіне сыйспаймыз бекер біз
Қонақпызғой сәл шыдасақ өтерміз
Дүние түгіл маxаббатпен жинаған
Өмірдіде қимай тастап кетерміз
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
Мәңгілік ел
Елім менің жерге бай
Жерім менің кенге бай
Қазыналы асу -асу белдері-ай
Қорғап берген жерлері-ай, төрлері-ай,көлдері-ай, шөлдері-ай
Жаратқанның бергені-ай
Қ-сы
Мәңгілік ел қазақ елі
Әкем менің анамда
Мәңгілік ел қазақ елі
Өсіп келем панаңда
Қалаңда, далаңда
Елдігіміз аманат мағанда,сағанда
Жігіттерім тұлғалы-ай
Аруларым сырғалы-ай
Айтқан сайын айтқым келіп тұрғаны-ай
Баға жетпес сендерге
Алашымның ұлдары-ай, қыздары-ай, таулары-ай, шыңдары -ай
Таласса да кім қалай?
әні: Қ.Молжанов сөзі: Қ. Алагөзов
Жай-жай
Жұлдызды түнде, сенсен түстің Айдан,
Жолыңа мен едім, қанатын жайған,
Ғашық еттің де жай, сен кеттің жай-жай,
Енді болсын бақыт өзіңсіз қайдан ?
Қайырмасы
Жай емдейді уақыт,
Жай кетсең де бақыт,
Жай дауылдайды соқпа жай-жай.
Жай үмітім сөніп,
Жай келемін көніп,
Жай сөнеді шоқ та жай-жай
Тасыған өзен, басылар жай-жай,
Өмірдің заңы бар, бәрі де жай-жай,<
Көгімнің бұлты да ашылар жай-жай!
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: Б.Есебаев
Ләйлім
Сені жақсы көрем, жақсы көрем еркесі Айдың,
Мені есіңе алып ораласың жаным ау қай күн?
Тайдың, маған берген сертіңнен сен қалайша тайдың,
Жүректі өртеп зуылдайды жыл, ағады ай күн,
Мәжнүндеймін таусылмайтын сен болдың қайғым,
Қайдасың Ләйлім!
Қайырмасы:
Ләйлім қайда менің ?
Қайғым болма менің.
Жайдым саған арнап,
Жаным құшағымды!
Бағын байламадым,
Терең бойламадым,
Неге ойламадым.
Қолдан ұшарыңды.
Қайда, шуақты күн, жұлдызды түн, аққулы айдын,
Жаным сен сұлусың, сен ғажапсың, тек сені аңсаймын!
Баймын, байлыққа емес бұл күндері мен мұңға баймын,
Көңілімнің маржандарын саған арнаймын,
Мәжнүндеймін таусылмайтын сен болдың қайғым,
Қайдасың Ләйлім ?
әні:Қ.Құрманбаев сөзі: Б.Есебаев
КҮНІМ СЕН СӨНБЕШІ
Күндей ажарың, гүлдей ғажабым,
Сен данасың, дарасың.
Қатты таңданба,
Мына жалғанда, тек менікі ғанасың.
Сансарсаңға кейде салсам да,
Естен тансам да, сүйемін демедің.
Сол мінезіңді,
Мен бір өзіңді жақсы көремін.
Қ-сы:
Күнім сен сөнбеші,
Сөнбеші сөне көрмеші.
Күлкіңнің түссе сәулесі,
Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі.
Күнім-ау.
Тәтті нәзігім,
Қақтың қазығын, сен үзілмес үміттің,
Үні сезімнің, нұры көзіңнің
Жанымды менің жылытты
Тілдескенде біз гүл кештерде,
Сырлар көшкенде жүректен жүрекке.
Сен күлген кезде,
Серпілген лезде тастай түнекте.
әні: Түрік әні сөзі: Ринат Зайытов
ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ
Намысы байлығы
Ақылы достай
Асқардай айбыны
Тақымы тастай
Қасынан қашпай
Ертеңге үміті
Жаулаған жанын
Қазақтың жігіті
Лаулаған жалын
Есімін түрлі елде
Төрге жазатын
Арғымақ мінгенде
Желден озатын
Елім деп ерлеген
Сұлбасы нардай
Еңкейіп көрмеген
Тұлғасы таудай
Қ-сы:
Қазақтың жігіттері
Бабамыздың көзі
Қазақтың жігіттері
Данамыздың сөзі
Жасқанбай қараған
Оқ пенен отқа
Қазақтың ұлдары, қазақтың өзі
Туған ел аумағын,
Байтақ ететін
Егескен жауларын
Жайпап өтетін
Көлдей тереңім
Айды да ұмтылса
Алыс көрмейтін
Отанға күн туса
Намыс бермейтін
Саналы хас дара
Өсекке ермейтін
Алладан басқаға
Есеп бермейтін
Адалдық ұраны
Жыр әнім бәрің
Ұлтымның тұмары
Қыран ұлдарым
әні: Ғ.Шекербеков сөзі: Ринат Зайытов
ҚИМАСТЫҚ
Алғашқы жауған ақ қардай
Еріді сезім сақталмай
Тек сағыныш бар беймәлім
Мекен жайы жоқ хаттардай
Арман қуып кетейік
Жалған күліп өтейік
Шынайы бақыт тапқандай
Қ-сы:
Тәтті түстей арайлы елес
Алыстасаң да жоғалма
Сені сүйу оңай емес
Ұмыту қиын одан да
Тілегім саған айтар шын
Гүлденсін бағың жайқалсын
Сені адал сүйгенімді
Бір күні өзің байқарсың
Өткенде күн ай қанша
Мен жайлы сұрай қалса
Танымаймын деп айтарсың
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: Ринат Зайытов
ЖАРАЛАМА
Үнсіз ғана саған көзбен тіл қатып
Ойда жоқта алдым еркімді ұрлатып
Жүрегімді ояттың таңмен бірге атып
Есіміңде бар сенің
Бір бақыт бір бақыт
Мен күткен бір бақыт
Қ-сы:
Жаралама
Абайла тек жүрегімді жаралама
Махаббатты тым арзанға бағалама
Сезім деген от бар арада
Жан алама
Сенсіз бағым бұл өмірде жан алама
Сыңар керек аққу түгіл шағалаға
Жаралама, жаралама.
Жолықтырған сені көркем сәт мынау
Көріктім әсемім ерке тәттім-ау
Самғау үшін қасыңда қанат қақтым-ау
Талай іздеп расында
Таптым-ау таптым-ау!
Мен сені таптым-ау
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: Ринат Зайытов
ӨЗІҢМЕН БІР БОЛСАМ
Мына өмір шынын айтқанда
Күте алмай құстар қайтқанда
Ойланып достар жатқанда
Бастарттың өзгеруден сен
Кездескен сары алтын бақта
Ұяндық билеген шақта
Айтпаған сөздеріме өкінген кездерімде
Түсіндің көздерімнен сен
Қ-сы:
Жаным мен сені ұнатамын
Бір күн күткенмін таң атарын
Кел-кел тек саған өмір бойы
Ашық ақ жүрек ақ отауы
Жүректің оттығы сен ең
Сен болсаң мұз жарды кемем
Сен барда түспеймін төмен
Қайда да мен саған сенем
Бұл әнді ғұмырда аз күн
Жұлдызбен мен көкке жаздым
Өмірде артты тұман
Адаспай бақытымнан
Өзіңмен бір болсам деген
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: Б.Есебаев
АЯЛДАМА
Көктеменің гүліндей көркем едің,
Жанарыңмен жаныма еркеледің.
Аялдама астында жолықтырған,
Күнекейдің өзіндей еркем едің.
Қ-сы:
Аялдама
Жанға шуақ жайылған баяу ғана,
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп айлап ем жаяу ғана
Аялдама
Тіршіліктің көлігі сабылысқан,
Саған деген көңілім алып ұшқан.
Өзің жаққа қараймын жалақтаумен,
Жаралған жан сенбісің сағыныштан?
әні: Жақсыбаев сөзі: Жақсыбаев
МАХАББАТЫМ-АУ
Қосылғалы күннен
Қабақ бұзбай мүлде
Тәж кигізіп басыма
Суығыма тоңып
Ыстығыма күйіп
Келе жатсың қасымда
Бал шекерім менің тәттім, тәттім
Сен болмасаң мұңға баттым
Барлығын өзіңнен таптым, таптым
Бақытыма керектің
Қ-сы:
Махаббатым-ау
Махаббатым-ау
Махаббатым-ау
Менің
Шыны керек ботам
Кейде ұмытып жатам
Көңілде де бөлгенді
Кешіп соның бәрін
Келесің тек жаным
Өрге сүйреп сен мені
Ғұмырым арналған
Кеудемде лаулаған
Жүрегімнің менің өзің жалынысың
Мен саған ризамын
Ризамын барлығы үшін
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: Д. Құйқас
АРМАН
Дүние арман толы бақ мекен,
Арманды кімдер ойлап тапты екен?
Алдымнан шыққанда сен аяулым,
Жүрегім жарылатын шақ па екен?
Дүние арман толы бақ мекен
Арманың аяз ба екен, от па екен?
Арманның болғаны да жақсы екен.
Армансыз болғаныңда жақсы екен.
Қ-сы:
Тілегім де бәрі-бәрі, бәрі-бәрі аппақ,
Ниетім де бәрі-бәрі, бәрі-бәрі аппақ,
Кеудемдегі аппақ жүрегімді,
Мен келемін сен үшін сақтап.
Арманым сезімдердің ардағы,
Арманым жүрегімнің қорғаны,
Арманым сол бір жанға ғашықпын.
Арманым алдамасаң болғаны?
Арманым толқыттың да тасыттың,
Арманым сол бір жанға ғашықпын.
Арманым мені алға жетелеп,
Арманым сен қай жаққа асықтың?
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
2016
Алматы мен Шым қалаАЛМАТЫ МЕН ШЫМҚАЛА
Күн сүйген маңдайын,
Алатау баурайын.
Жайлаған ару шаһарлар.
Ажары тал-қайың,
Базары әрдайым,
Қайнаған ару шаhарлар.
Төгетін ақ таң нұрын,
Теретін бақтан гүлін,
Ғашықтар тапқан жұбын,
Қалалар!
Қ-сы:
Алматы мен Шымқала,
Сендермен әсем бұл дала.
Аймалап ай мен күн ғана,
Ән қала, жыр қала, гүл қала.
Алматы мен Шымқала,
Жайқалған жасыл гүл қала.
Жүректе тілек бар ғана,
Өркендеп, өсе бер, нұрлана!
Саған да маған да
Ортақ бұл ғаламда,
Гүлденген ару шаһарлар
Жазира даламда,
Жаңарған заманда,
Түрленген ару шаһарлар.
Әніме қосарым да,
Мауқымды басарым да,
Ұқсайтын қос аруға
Қалалар!
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: С. Дүйсенгазин
ШЫН ҰНАТТЫМ
Өртенуге аз қаласың деме,
Сүйсе жүрек маздамасын неге?
Мені көрсең назданасың неге?
Түсіне алмадым
Дей бермеші уақытым жоқ саған,
Мүмкін менде бақытың боп қалам,
Байлығымда жақұтым көп саған
Ұсынар жаным.
Қ-сы:
Шын ұнаттым мүмкіндік бер маған,
Жүрегіңнің құлпын кілттеп алам.
Мен шығармын мүмкін күткен адам,
Күнде жолыңда.
Шын ұнаттым мүмкіндік бер, жаным,
Өлшенбейді бір күндікпен бәрі
Жүрегіме мүмкіндік бер тағы
Бірге болуға
Кетті ма екен өзгеге есің мүлде,
Менен қашып сөз бересің кімге
Мезгілдердей өзгересің күнде,
Неге сондайсың?
Қадамыңды бақылайын десем
Еркелетіп отырайын десем,
Кездесуге шақырайын десем,
Келе салмайсың
әні: Ж. Әбдіханов сөзі: М. Кенжетайұлы
ҮШ ТҮРЛІ ГҮЛ
Гүл ап келдім сағына
Балап сені шын бағыма
Сен біреуін таңда жаңылма
Қызылы да сары, ағы да бар
Ұнат теңім ішінен
Жанға жақындау түсін ең
Мен сезімді сонда сендегі
Айтқызбай-ақ жаным түсінем.
Оттай жүрек сөнді ме ?
Бүр жарармысың менімен бірге?
Бұл сұрақтың жауабы
Сен таңдаған сол гүлде
Қ-сы:
Иланамсың
Саған күнде асығам
Күнде асығам
Жүрек шын ғашық-ау
Бұрмасыңа
Сенімен мойыныңды
Сағынтып сары гүлге осынау
Қиналам, түсін
Несін сыр жасырам
Бір досым бар
Сынбай сынға шыдар
Гүл бар шығар ақтан да әдемі
Қарашы жаным тұрған шығар
Көпке ұзатпа
Аздап бағымда жаймен
Дос па жат па
Күн өткіздік не оймен
Ақылдым тәттім, тәттім
Сезімді жақтың
Жақсы көрем қатты
Өтінем қалшы жанымда
Әрең таптым
Тұзақтайын деп тұр-ау мұң қарақшы
Тағдырды екі бөлме бірге жақсы
Жанып басылған үмітті гүлмен жақшы
КЕЗДЕСУ НҮКТЕСІ
Жалынамын жаныма мұң,
Орнатпашы күздей болып.
Жабығамын, зарығамын жүрек сені іздей беріп,
Жаңылмасын қабылдасын түсінісіп бірін-бірі.
Тамып жасы сағынбасын, еш бір ғашық біздей болып.
Қ-сы:
Бәрі-бәрі бітті, осы енді мені күтпеші,
Сеземісің қоштасу кездесудің нүктесі ол.
Бәрі-бәрі бітті, осы енді мені күтпеші.
Сеземісің қоштасу кездесудің нүктесі ол.
Жүдедім мен жібегімнен айырма деп алаңдадым,
Білемін мен жүрегіңнен маған орын таба алмадың.
Сенеді, деп келеді деп,
Үміттенбе енді сен де
Себебі жоқ, керегі жоқ,
Қоштасудың маған жаным.
ҰМЫТПА МЕНІ
Біз екеуміз қоштасамыз ба?
Сағынышпен достасамыз ба ?
Бола алмадық Төлеген – Жібек,
Тарих бізді қоспас аңызға.
Тез басылып, суынғаның ба?
Шын сезімді ұғынбадың ба?
Бар жазығым кеш көргенім бе?
Әлде ерте туылғаным ба ?
Қ-сы:
Сендей мені кім ұққан еді,
Сөзің жанды жылытқан еді.
Сен ұмытсаң өзімді ұмытам,
Ұмытпа мені, ұмытпа мені.
Сен ұмытсаң ұмыттым мен де,
Сыр айтармын күліп гүлдерге.
Күндіз күліп іздерсің сен де,
Ұмыта алмай, тымық түндерде.
Жан толқытар сезім бар еді,
Жан балқытар сөзің бал еді.
Сені емес, сағындым, еркем.
Көзіңдегі өзімді әдемі.
ТАҒЫДА
Өкпелетіп алдымба, қиялыңда бармынба
Қайдасың қылықтым, жерге ұшырып сөзіңді,
Биік санап өзімді, қателесіп жүріппін мен
Қадіріңді білмедім, әміріме жүр дедім
Сезімді ұмыттым, алдағасын арманым,
Мен өзіңді алдадым, кешір жаным жігітпін мен
Қ-сы:
Тағыда, шақырайын келесіңбе құшағыма енесіңбе
Тағыда, махаббаттың кемесінде күн кешейік ересіңбе
Тағыда, сүйемін сенесіңбе мүмкіндік бересіңбе
Тағыда!
Сенсіз қанша түн батты, түн батқасын таң атты, Санаумен сағатты
Күнде менің қасымда, жүрмегенің расында
Жаным қатты жанға батты
Қызыл ернің дірілдеп, келші маған күлімдеп
Үйімнен көрейін, қыдырсам да сені ертіп
Қуанышқа кенелтіп, шын бақытқа бөлейін мен
ҚАЗАҚСТАНЫМ ҰЛЫ ОТАНЫМ-АЙ
Қызығамын мұнартқан шың құздарыңа
Қызығамын күн мен ай жұлдыздарыңа
Қызығамын маржандай өзен көліңе
Қызығамын бақытты ұл қыздарыңа
Бағаламай өткізбе мынау уақытты
Ақ сарайым алтыннан далам жақұтты
Тәңір сүйіп нұр жауған Қазақстаным
Сенде туған адамдар қандай бақытты
Қ-сы:
Ақ отауы той әр күндері той
Өмірлері той көңілдері той
Аққудайын бұл менің киелі елім ғой
Қазақстаным Ұлы Отаным-ай
Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едімғой
Байқап жүрмін біреулер көре алмайды екен
Қорғанымды мен жүрмін өре алмай бекем
Ата бабам тапсырған жерімнен мынау
Бір қарыс та ешкімге бере алмайды екем
Оянатын жүрегі ел деп шырылдай
Нұр ағамның әр сөзі алтын туымдай
Сені сүйген сан ұлттар жан досым менің
Сені сүйген әр қазақ жалғыз ұлымдай
САҒЫНА БЕРЕМ, САҒЫНА
Ойларды ойлар қуалар
Күндерді күндер қуалар
Жүректі жарып барады
Көзіңмен қаққан сыналар
Қ-сы:
Ауырсын жүрек ауырсын
Сағынсын жүрек сағынсын
Сені іздеп келдім өртеніп
Қанатымдағы қауырсын
Сені іздеп келдім тағы да
Ем іздеп келдім жаныма
Сағына берем сағына
Сағына берем сағына
Қонбадың менің қолыма
Қонбадың менің бағыма
Сағына берем сағына
Сағына берем сағына
Таппадым өмір теңдеуін
Кешіргін болса менде мін
Жанымда тұрған бақытқа
Жетпеген қолы пендемін
ҚЫЗҒАНШАҒЫМ-АЙ
Іздейсің телефонымды
Ілгенде неге тонымды, Қызғаныш па-ай
Суреттің сылқымдары бар
Белінен жыртылған бәрі, Қызғаныш па-ай
Сағатың қолыңда дейсің
Әтірге шомылма дейсің, Қызғаныш па ай
Қ-сы:
Қыз біткеннен қызғанасың
Үздіккеннен қызғанасың
Жасырынбақ ойнамаймын
Жас жүрегің сыздамасын, Қызғаншағым ай
Мен де сені қызғанамын
Тұнық ойды бұзба жаным
Намысы бар ер-жігіттің
Ары қымбат қыз баланың
Қызғаншағым ай, Қызғаншағым ай
Айнаға көп қарағаным
Сен үшін тек қана жаным, Қызғанбашы
Ақ көңіл замандастарға
Қол бұлғап амандассам да, Қызғанбашы
Сенбесең кеткені сыйдың
Мен болсам тек сені сүйдім, Қызғанбашы
КЕШІРШІ ЖАНЫМ
Қазақ қызындай қадірлі
Бойыңда сенің бар үлгі
Емдеймін деп ем абайсыз
Ауыртып алдым жаныңды
Иман мен ұят арғабай
Кешірші мені қарғамай
Күлдірейін деп ойлап ем
Жылатып алдым аңдамай
Қ-сы:
Кешірші жаным кешірші"
Кешірші деуім нешінші
Дірілдеп балдай ерінің
Кешірдім жаным кешірдім бәрін десінші
Кешір деп саған айта алмай
Қайталай берем қайталай
Бүлініп кеткен түк те жоқ
Сүрініп кеттім байқамай
ҚАРЫНДАСЫМА
Күн сайын жаңалап білгенін,
Қуантар ағалап күлгенің
Шаттыққа ғана толсын деп жүрегің
Өмірің мұңсыз болсын деп тіледім
Жаратқаным берген аманатым менің
Қ-сы:
Анамнан аумай қалған көзің
Тербейді аға деген сөзің
Еркетай қарындасым қалқам
Жалғанда ең жақыным өзің
Үмітті жалғады жанарың
Бағыңның жанғанын қаладым
Болса да сәттер сынаған төзімді
Көрсетпесе екен жылаған кезіңді
Ағаңның сол ғана арманы қарағым
КЕШІРДІМ
Естелік күндер
Ескеріп кімдер
Еске алар енді оларды
Маңдайға сыймай
Шалғайға қимай
Қоштасып бізбен жоғалды
Тұншығып тынып
Шын сүйіп тұрып
Санамнан сені өшірдім
Арман әнімді
Алдағаныңды
Кешірдім, жаным, кешірдім.
Тағатсыз талған
Жауапсыз қалған
Қаншама сұрақ кеудемде
Сан апаттардан
Жарақаттанған
Жазықсыз жүрек шерменде
Көркем үніңді
Еркелігіңді
Көңілден енді көшірдім
Қиған антыңды
Қиянатыңды
Кешірдім, жаным, кешірдім.
Өзіңе лайық бар сыңар
Есіңде қалмас есімім
Құшағым саған тар шығар
Сағыныш емі тек кешірім
Қалмасаң қалма
Самғасаң самға
Тағайын текке несін мін
Мендегі мұңды
Пенделігіңді
Кешірдім, жаным, кешірдім
ЖЕРІМ МЕНІҢ
Байлығы қазағымның кең даласы
Ырыстың ұясындай сай-саласы
Туған жер қасиетіңмен айналайын
Таусылмас ұрпағымның қазынасы
Жерім менің
Қ-сы:
Бабамнан қалған кең далам
Анам сенсің мен балаң
Арым сенсің аялар беу кең далам
Аманатым қорғаған
Жетісу жер жәннәті ғажабыңай
Думанның Сарыарқам бар базарындай
Арасы өр Алтаймен Атыраудың
Жаратқан бұйыртыпты ау қазағыма
Жерім менің
ТӘТТІ ҮНІҢ
Әлемнің болған арманы,
Тәтті үнің мені баурады.
Жүрекке ұя салдың сен,
Бұлбұлдай сайрап таңдағы.
Қ-сы:
Тәтті үнің, тәтті үнің,
Тәтті үнің де шаттығым.
Тәтті үнің, тәтті үнің,
Таңда ашылған ақ гүлім.
Тәтті үнің, тәтті үнің,
Кел жанымнан бақытынды тап күнім.
Тәтті үнің, тәтті үнің,
Кел жанымнан бақытынды тап күнім.
Шақ қалып жүрмін тасуға,
Ғашық боп сендей асылға.
Жаныма сенің тәтті үнің,
Бал шекер екен расында.
АЙ АЙЖАН
Сөзі қуат, көзі шуақ
Өзі таңғы ақ арай
Қырмызы ерні
Қыпша белі
Қылығы бар баладай
Жарық жұлдыз бір сұлу қыз
Кетті жанды жаралай
Сүйіп қалып, күйіп жанып
Іздей бердім ауадай
Қ-сы:
Ай ай ай жан, қайда кеттің тоқта
Селт етпейтін сезімге
Сенде жүрек жоқ па
Ай ай ай жан
Қинамай көп мені
Жүрегімнің мәңгілік
Болшы сен көктемі
Сөзі жарқын жүрегі алтын
Жауқазыным шын сұлу
Мақта түсті маржан тісті
Тең келмейтін мың сұлу
Болар жаным әрине
Сенсіз де өмір сүру
Сенсіз өмір алайда
Өмір емес түншығу
ЖҮРЕГІМ ДҮРСІЛДЕ
Менің жүрегім өзің дейді
Сенен басқаны сезінбейді
Сенен басқаға жақсы көріп
Елжіремейді, езілмейді
Жүрегім жас екен, сезімге мас екен
Сенің жүрегің тас екен
Қ-сы:
Күрсінбе, күрсінбе, күрсініп күн сүрме
Өмірлік жар іздеп, көңілсіз жүрсің бе
Басқасы табылар, бас аман тұрсын де
Ол үшін жүрегім дүрсілде, дүрсілде
Менің жүрегім сені іздейді
Сезім теңізге лебіз құйды
Сенің сезімтал жүрегіңді
Менің жүрегім егіз дейді
АЙ АЙ АЙ
Жастықтың жалындаған шағында,
Қайғы да мұң да, жоқ еді.
Қараймын сол бір кезге сағына,
Үмітім менің көп еді.
Сағым боп жетелеген арманға,
Ұмтылдым нәзік сезіммен
Бақытқа енді жетіп қалғанда
Ғайып боп ұшты көзімнен
Қ-сы:
Ай ай ай,
Өкініш өртесе де өзегімді,
Тағдырдың тәлкегіне төзем енді.
Бірде өшіп бірде лаулаған,
Ай ай ай,
Көңіл шат құшағымда толы гүлдер,
Бақытты қуанышқа толы күндер.
Келеді ау бір күні маған.
Бұл басым не көрмеді, расында,
Тауға да тасқа соғылды.
Аяғың бір сүрінсе басында,
Табуың қиын жолыңды.
Мұндай боп өте бермес өмірің,
Нөсерде жауып басылар,
Серпіліп қара бұлты көңілдің,
Шуағы күннің шашылар
Жаным-ау
Жүрші еркем, жүр бірге қыдыралық,
Қол ұстасып көк белге.
Куә болсын бақытқа бүгін анық,
Гүл жайнаған көктемде-ей
Жанарыңда жалын атқан,
Байқалмаған бір нұр жатыр.
Көкейімде саған деген,
Айтылмаған бір сыр жатыр.
Қайырмасы:
Жаным-ау,
Жастықтың жарасымды әні бұл,
Еркіңді жоғалту,
Махаббаттың заңы бұл.
Жүрші сәулем, жүр бірге сырласайық,
Өткен күндер жаңғырып.
Махаббаттың мүсінін бір қашайық,
Тұрып қалсын мәңгілік.
Қатар ұшқан қос аққудай,
Жүрейікші шын жарасып.
Бағын тапқан қос жүрекке,
Ел сүйсінсін бір қарасып.
Қайырмасы:
Жаным-ау,
Жастықтың жарасымды әні бұл,
Еркіңді жоғалту,
Махаббаттың заңы бұл.
СЕН КӨРІНБЕЙСІҢ
Сен көрінбейсің, қалдырдың салқынға
Махаббат бағында (3)
Мен бар әлемді бояр едім алтынға
Сен жоқсың жанымда (3)
Қ-сы:
Неге сендік махаббат жоқ дегенде
Бақытыңды өзгеден тап дегенде
Көз жасыңды бұлт болып төкпегенде
Өзегімнен өртенген теппегенде
Байланысқа сен өзге өтпегенде
Қол ұстасып өзгемен кетпегенде
Мен жүрмесем сағынышқа қамалып
Өткен күндер келмейді енді оралып
Мен жүзігіңді жанымда сақтадым
Бір күні сұрар деп (3)
Күз сыр айтады қардан да аппағың
Ұмытқан шығар деп (3)
ТУЛАЙДЫ ЖҮРЕК
Тулайды жүрек тулайды
Махаббат жырын жырлайды
Сөзі бал жаны жақұттан
Сендей жан енді тумайды
Қ-сы:
Өзіңмен арманым кетті
Көзімнің қарасындай
Сыңары сыңарын тапты
Аққудың баласындай
Жылайды жүрек жылайды
Жан сырын сақтай алмай
Тулайды жүрек тулайды
Тулайды тоқтай алмай
Тулайды жүрек тулайды
Ұйқымды күлкің ұрлайды
Кім сезіп менің күйімді
Жүректі кімдер тыңдайды
СӘТ САПАР
Жоқ жоқ жоқ
Сауық құрып гүл терерге
Жоқ жоқ жоқ
Білем қазір мүлде сенде
Уақыт жоқ
Уақыт құнын білмегенге
Бақыт жоқ
Бірақ бірақ өйте берме
Қ-сы:
Білем білем таусылмайтын
Көп сан тірлік
Жүрегімде жұдырықтай
Жоқ салқындық
Күнтізбеден күнде үзіліп
Жатқан жылжып
Парақтар
Сол үзілген парақтардың
Әрбіріне
Қосылып ел шырқайтындай
Мәңгі бірге
Кетсем деген ән мен таңба
Қалдырып мен
Талап бар
Сәт сапар
Иә иә иә
Үлгерем деп анда мында
Қалайда
Жетемін деп арманыма
Жастық шақ
Өтіп жатыр
Ән жолында
Жоқ бірақ
Өкінішім таңдауыма
2015
Ақ бұлтымАҚ БҰЛТЫМ
Бұл сұрапыл сағынышы,
Бал күндердің шырын-шырын.
Таласым жоқ тағдыр ісі,
Сағыныппын шыным-шыным.
Қ-сы:
Ақ бұлтты аспанның арасында,
Ақ парақ болып қаласың ба?
Мәңгілік сенсің махаббатым,
Сағыныш болып барасың ба?
Ақ бұлтты аспанның арасында...
Көңіл, шіркін, көнбей жүрген,
Көп іздейді бірін-бірін.
Саған маза бермей жүрген,
Жүрегім ғой, тілім-тілім.
Ақылдым
Шыдай алмай махабаттай тасқынға,
Кім біледі жүрек қылын бастың ба.
Күліп ойнап қорғанады жауыннан,
Екі ғашық қолшатырдың астында.
Қ-сы
Ақылдым,ақылдым,
Ақ жауында шақырдым.
Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында.
Махаббаттай,махаббаттай,махаббаттай шатырдың (2)
Дала жауын құйды нөсер есіле,
Жаным мұңды жасырайын несіне.
Жауынды күн сел астына шығамын,
Суда қалсам,суда қалсам сен түсесің есіме.
Баурағанда махаббаттың әуені,
Сен екенсің жүрегімнің бар емі,
Ойлап тұрсам екенсің-ау ақылды,
Кете бардың,кете бардың жылы су боп әдемі.
ГҮЛ СЫЙЛАҒАН ҚЫЗ
Дүрсілдейді жүрегім
Көз ұшында дидарың
Есімің жазылған тым ерекше
Сезім гүлін сыйладың
Елес болдың сол кеште
Естелігім бұл әнім
Тілеймін тағыда сол гүлменен
Жарқ етсең деп бір жаным
Ұмытпаймын ұмыта алмаймын
Ұмытпа мені
Қ-сы:
Армандап дәл бұлай жүре беру
Қиялмен құр өмір сүре беру
Мүмкін емес жаным
Мүмкін емес
Болама дәл бұлай ғашық ету
Арада бар көпір
Аттап өту
Мүмкін емес жаным
Мүмкін емес жаным
Күні түні іздейді
Көрсем дейді көздерім
Бұл гүлдер солмайды мәңгі деген
Есте қалды сөздерің
Гүлдей нәзік ұяңым
Ұяласың сезгенім
Жүрегім ешқашан өшірмейтін
Періштемсің сен менің
Ұмытпағын тек мені жаным
Ұмытпа мені
НЕ ДЕЙСІҢ
Тек өзің деп тербеліп шырқалар әдемі
Жүргімнің танғы әуені
Сені нұрлы күн дедім ай дедім сәулелі
Түсінбей ақ қойдың ау мені
Қ-сы:
От болып жанып сүйгенмін
Неге жаным көнбейсің
Енді маған айым ау жанымау күнім ау
Не дейсің?
Бұл махаббат басымның бағы ма, соры ма?
Түсіне алмай жүрмін оны да
Жүрегімді жаным-ау жұлып алып қолыма
Төсер едім сенің жолыңа
Жер бетінде өзіңді бар гүлге теңесем
Сенбей жүрсің маған неге сен
Мен қолымнан келгенін жасадым сен енді
Айға апарып әкел демесең
САЛҚЫН-САЛҚЫН
Сезім лаулап алдың жаулап
Шаттық толы әр қадам
Біз таныстық сезім ыстық
Бақ кетпеді ортадан
Сылқым сері бір күндері
Аяз соқты арқадан
Күттім сендім сені көрдім
Сағынышы тарқаған
Қ-сы
Үміт толы әр күнім-ай
Сен қайдасың алтыным-ай
Көңіл күмән дала тұман
Сары күздің салқынын-ай
Салқын салқын далада тұр
Жаным жаурап жағада тұр
Екеуміздің неге арамыз
Салқын болып бара жатыр
Есік қақтым кім бар кім жоқ
Жүрегіңде құлып тұр
Сені іздеген бір көк бөрі
Айға қарап ұлып тұр
Мен ақ қайың тұла бойым
Сан жапырақ үміт тұр
Уақыт алдап, бір-бір талдап
Жапырағымнан жұлып жүр
ШАЙХАНА
Бұл шаһардың көшелері тар екен
Көшесінде шайханасы бар екен
Шай ұсынған сұлулардың саусағын
Бір сүюге көп жігіттер зар екен
Бұл шаһарға жетелеген жол екен
Шай құйған қыз шын ғашығым сол екен
Қолындағы кесесі де билейді
Мына шайдың дәмі сондай зор екен
Қ-сы:
Шайхана әсем шайхана
Шай құйған қыз деп айтам ән
Шай ішсең көңілің жай болар
Шай ішпей қалай қайта алам
Шыр айналар уақыт шіркін қасқағым
Шайханадан таптым бақыт бастауын
Бақытыңды бәлкім тауып аларсың
Шайханада кездесейік достарым
Қою күрең шайға құмар баламын
Қараңдаршы шай құйған қыз жанарын
Айналайын, айналайын достарым
Бұдан былай шайханада боламын
СҮЙЕ БЕР
Неге маған мұң шақтың
Төгілдің деп жыр ән болып
Бұл сезімге моншақтым
Сенің тіпті кінәң жоқ
Жүрекке әмір жүргізбес ән бұл
Мені кінәлама
Қ-сы:
Ғашық жүрек ғаламға жайып гүлін
Ән шырқасам болады ғайып мұңым
Сүйетін жүрек берді жаратқаным
Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер
Ғашық жүрек не дейсің шарасыз хәл
Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл
Жауапсыз қалсадағы махаббатым
Сүйе бер жаным сүйе бер мені,
Сүйемін сені
Тек жақсылық амалдар
Жасайықшы кел күнім
Жер бетінде адамдар
Жақсы көрсін бір бірін
Өміршең әнім көзіңнен бәрін
Көрген қандай бақыт
АҚ БАҚЫТЫМ
Қайда, жаным, қайда?
Ақ сезімім айна.
Келші, жаным, келші,
Қанатыңды жай да.
Гүлім болып жайна,
Бақ құсымдай сайра,
Сағынды жүрегім,
Қайда, жаным, қайда?
Қ-сы:
Білсең, айым, жүрек жайын,
Өзіңе ғашық.
Сезім балдай жүр айта алмай,
Сырларын ашып.
Бір жүрейік бір күлейік,
Қуантып тасып.
Сені күттім ақ бақыттың,сарайын ашып
Сарайын ашып...
Жүзің атқан таңдай,
Қараушы едім қанбай.
Не бар екен қымбат,
Біздер алыстардай.
Күйде жүрсің қандай,
Ұшып едің самғай.
Сағынтпай жанымды,
Қал десең де болмай.
БІРІ СЕН БІРІ МЕН
Қаракөз қайда, ақ жай жай,
Өткен күндерім мазалайды.
Салмашы құрықтымың
Сағыныш бұл, кімге жайлы,
Жүр есімде сол.
Самғаған күндер көкте біздер,
Сол махаббатты, жоғалған кім іздер.
Қ-сы:
Бірі сен, бірі мен,
Екі тал жас ақты көздерімнен.
Болмады қала алмады,
Бақыт кетті бізден.
Құладық біз көктен,
Екі жұлдызбен көкте сөнген.
Болмады, қала алмады,
Бақыт кетті бізден.
Алып келді бір күн жаным,
Түсінбестік жарылысқа
Жазасы ма бұл соның<
Жандүнием сағыныштан,
Біз қалай ғана бір бақтың ішін саяладық?
Кеш енді бәрі кеш бақытты аямадық ...
Бұл бақшаларда бір замандар,
Шоқ-шоқ қызғалдақ лаулап.
Не себептен солды олар
Бөтен жандардай жүрміз біз мұнда,
Болдық қазір бейтаныс.
Не себептен айырылды жолдар?
Бір сұрақ
Бір көрген сәттен жүректің
Төріне түрлі гүл ектің
Сезімге сұлу елітіп
Көрдім де сені дір еттім
Ақша бұлттарға малына
Ақ жүзің күнге шағыла
Кезікпей біреу жүр еді
Кез болдың қайдан жолыма?
Қ-сы
Ай-аспаным тұнжырап,
Таң атпайды түн жылап,
Не болары белгісіз,
Көкөйімде бір сұрақ.
Сағыныш билеп санамды,
Қызғаныш алды мазамды.
Кетердей болам көрмесем
Қиялмен шарлап ғаламды.
Ақша бұлттарға малына
Ақ жүзің күнге шағыла
Кезікпей біреу жүр еді
Кез болдың қайдан жолыма?
Жан ана
Шөлдесем, бұлақ болған жан ана,
Шаршасам, қуат болған жан ана,
Таянып ақ бесікті жанымда,
Түндерде шырақ болған жан ана.
Өмірдің алтын арай таңы ана,
Ақ сүтің баға жетпес бал ана,
Сан жылдар сан дауылға мойымай
Біздерге тіреу болған жан ана.
Қ-сы
Самғаймын саған қарай құстай, ана
Мен қалай жүре аламын ұшпай, ана
Жанымның сағынышы басылмайды
Өзіңді құшағыма қыспай, ана.
Анашым, сенсіз бақыт табамызба
Өзіңсің ақылшым да данамыз да,
Бөленіп немерелер қызығына
Анашым аман жүрші арамызда (2)
Өмірде кейде шаттық, кейде мұң.
Ақ теңіз ағайынға пейілің
Мөлдіреп ұл қызыңа қарайсың
Таусылмай ақ жүзіңнен мейірім
Шын сұрап сәбилік жүрекпенен
Әкемдей асқар тау тірекпенен
Көзімнің нұры болып жүрсе екен деп,
Амандық сендерге тілеп келем
Жаным әке
Аяулы жан ардағым ақылшым
Мына өмірде сен деймін, әке
Орындалып арманың бұл күнде
Мен биікке өрлеймін, әке.
Өзің берген әппақ қанатыммен
Мен самғаудан талмаймын, әке
Ақ тілегі сәби жүрегімнің
Осы әніммен жолдаймын, әке
Қ-сы
Жаным әке,
Баға жетпес байлығым, бағым, әке
Алтын арай шуақты таңым, әке
Жаным әке.
Асыл әкем,
Жүзге жетсін аман сау жасың, әкем
Арамызда аман жүр ғасыр, әкем
Асыл әкем.
Жан әкешім, бәрі сенің арқаң,
Биіктедік өстік біз көктеп.
Сағынғанда менің асқар тауым
Қуат алдым сенен іздеп кеп.
Жақсылығың бізге сан жетпейді,
Айталмаймын бәрін тізбектеп.
Бір әкенің берген тәрбиесін
Бере алмайды екен жүз мектеп
Жан гүлім
Таң атады сені ойлаумен
Күн батады сені ойлаумен
Айналып келмейсің неге
Құшағымды қанша жайғанмен.
Өкпелеттім қашан қай күні
Өмірімнің сенсің байлығы
Қонар деп күтуде сені
Көңілімнің әппақ айдыны.
Қ-сы
Жан гүлім, менің жан гүлім,
Таң нұрым, менің таң нұрым,
Жалғанда мына өткінші
Өзіңмен бірге тағдырым.
Жан гүлім, менің жан гүлім,
Арналған саған бал жырым.
Өзіңді ғана аңсаумен
Өтуде менің әр күнім.
Өзіңнен хабар алалмай,
Өзегім оттай жанардай
Сағынып жүрген шығарсың,
Мүмкін сен де мені таба алмай.
Жолығар сәтті шақ келер,
Күндерім бақыт ап келер.
Әнімді естісең менің
Кездескен алғаш баққа кел.
Кел дедім
Ақ сарайдай қорғаны бар,
Алма бақтай бағбаны бар,
Шіркін қандай арманы бар
Сені сүйген жігіттің.
Білегіңнің әппағын-ай
Іздеп жүріп тапқаным-ай
Қылығыңның жаққанын-ай
Сөнген отын үміттің.
Қ-сы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
Таныс бірақ бөтенім-ай,
У қосылған шекерім-ай,
Қызғаныштың бекерін-ай
Сүймеген соң құшақтап.
Сен бұрылып бір қарасаң,
Тау мен тастан,қырдан асам
Қонар еді шын қаласаң,
Бақыт дейтін құс аппақ
Мәңгілік сағынышым
Ойлаймын тыным алмай
Бұлт болып тұрып алмай, Тамшы деймін.
Жанымның пәктігі боп,
Бағымның ақ гүлі боп, қалшы деймін.
Менің ақ тілегіме
Шын сүйген жүрегіме сенші деймін
Сайрашы сандуғаштай
Ұя салып қарлығаштай келші деймін.
Қ-сы
От болып оянғандай,
Аққулар таранғандай,
Бір жүрген сол күндердің
Болғаны-ай жолы қысқа.
Сен кеттің санамды алдай,
Елес болып жоғалғандай,
Өмірім оранғандай
Мәңгілік сағынышқа.
Мәңгілік сағынышым
Қолыңа шырағыңды ап,
Жазылған хаттарды жақ, бұлтты күндер.
Бақытқа батырады,
Қол бұлғап шақырады тәтті күндер
Күтемін келерсің дей,
Қолыма көгершіндей қоншы деймін.
Сұлуым сен елігім,
Өмірлік жансерігім болшы деймін.
СЕН МАҒАН ҰНАДЫҢ
Өмірімнің гүл жайнаған бағында
Әлде кімді жүрек іздер шағында
Көздеріннен көріп отты
Бір алапат дауыл соқты қанымда
Шоқтай жандың елең етпей
Мен өртендім көбелектей жаныңда
Қ-сы:
Сен маған ұнадың
Тасыттың да бақытымның бұлағын
Сен маған ұнадың
Сан қарасам қанар емес құмарым
Сен маған ұнадың
Сенен жүрек көргендей ме сыңарын
Сен маған ұнадың
Ұнадың да өзің болдың жыр әнім
Ооо гүл бағым ооо гүл бағым
Гүл бағымда мәңгі жайнап жүр жаным
Бар әлемнің ауа-райы күлкіңде
Сен мұңайсаң бұлттар жауын бүркуде
Мен келемін самғауменен
Кінә бар ма арман деген шіркін де
Сен гүлімсің сен көктемім
Мен ғашықпын мен көктемін бұл күнде
Сүйіп алам
Қ-сы :
Сүйіп алам бетіңнен
Күннің көзі түсіп, самал тимеген.
Сүйіп алам бетіңнен
Ата-анаңнан басқа ешкім сүймеген.
Сүйіп алам байқатпай
Өкпелетіп алсамдағы өкінбен.
Сүйіп алам жай таппай
Жатыр жаным бір сүйгенше бетіңнен.
Ажарыңнан айналайын көз тоймайтын əппақ дидарлым.
Дəл өзіңдей менің ғашық жүрегіме бақыт сыйлар кім?
Сəт таба алмай дір еткізер бірге өткізер сұлу періштем.
Бақ қонардай тасып толып ғашық болып жүрмін тек іштен.
Күйіп жанам жанам білгін
Сүйіп алам алам бір күн
Қ-сы :
Сүйіп алам бетіңнен
Күннің көзі түсіп, самал тимеген
Сүйіп алам бетіңнен
Ата-анаңнан басқа ешкім сүймеген
Сүйіп алам байқатпай
Өкпелетіп алсамдағы өкінбен
Сүйіп алам жай таппай
Жатыр жаным бір сүйгенше бетіңнен
Маңайыңа жуытпайсың жылытпайсың жанды мұздаған
Сүйгеннен бе жат жанардан басқалардан сені қызғанам
Соза берсем ақ үмітім бағым мүмкін қолым да жетер
Əлі-ақ ертең сені ақ еркем əуелеген əнім тербетер
Биік арман арман шіркін
Сүйіп алам алам бір күн
БОТА КӨЗІҢ
Сұлулығың сәнді,
Жанды жаулап алды.
Бойды баурап алдың, сезіммен,
Бірге шырқап әнді.
Күнде күтіп таңды,
Жүрсем бірге мәңгі өзіңмен .
Қ-сы:
Тағат барма менде,
Майда самал желге
Орамалың желбірегенде,
Жаным, жаным деп турдым.
Бота көзің мөлдірегенде.
Бақыт құсым, бағым.
Сені кызғанамын,
Өзгеден де жаным, өзімнен,
Қарай қалсаң күліп,
Жүрмін шаттық ұғып
Сенің мөлдір тұнық көзіңнен,
Көзін теңеп күнге, өзін теңеп гүлге
Таңды күттім түнде көз ілмей
Қиялмен күн кештім бұл жалғанда, бес күн
Бола алмайды ешкім өзіңдей.
ҚАЙДАСЫҢ
Қайдасың ақ самал сенің шаштарың менімен ойнасын
Қайдасың ақ гүлдер сені көріп тағы бір жайнасын
Қайдасың бізге арнап тағы сандуғаш бір ән сайрасын
Екеуімізді екеуімізді әлі бірге деп ойласын
Қ-сы:
Қайдасың
Өтті ғой күндер сен оралмайсын
Қайдасың
Өтті ғой жылдар сен жылымайсың
Қайдасың, қайдасың
Ойдасың...
Сен жүрегімде жасырып қойған жайдасың
Мендегі қанның көрдіңбе неден қайнасын?
Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт
Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын
Қайдасың жүрсеңде қайда басыңнан бағың таймасын
Қайдасың екеуімізденде асырды уақыт айласын
Мен жүрмін ойлауға ауыр әр күні дауыл сол шаққа
Түсінбей түсінбей жүректің неге тоймасын
МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН
Сен мұз таудай тоң болмасаң
Бір көрінші ең болмаса
Ай күлмейді балқымайды
Жай гүлдер де толқымайды
Жанымда сен болмасаң
Қ-сы:
Іздеймін өткен күннен
Айналған сағымдарға
Мен сені сағынамын
Кеудемде жаным барды
Мен өзіңді күтіп жүрмін
Жалғасып таңым таңға
Сен келер деп сан шыдадым
Көз сағыныш тамшылары
Жай жанымнан жырақтап тым
Қай мекеннен тұрақ таптың
Сағындым келші жаным
ҮМІТ ҮНІ
Өкпелейді көкжиекте бір арман
Мың адасқан таппай сені тұманнан
Сен келер деп селт етеді
Мөлдір көзі мөлт етеді
Арман халі сондай жыларман
Мына ғалам ой майданы алаңы
Қандай қызық тағдырыңның қалауы
Үмітіңе сен сенесің
Сен сүйесің өртенесің
Ол біреу деп оттай жанады
Қ-сы:
Үміт үні күні түні бағымда сайрайды
Кеш емес пе сол елеске ол неге тоймайды
Бұл күндері менің күйім осындай
Сырласымдай көрнуші едің досымдай
Жарқ еттің де найзағайдай жоқ болдың
Қайда кеттің айтсаң еді жасырмай
Кездесе алмай жарыла алмай ағымнан
Өзің келіп табылардай жанымнан
Сағынасың сағынасың мұңнан моншақ тағынасың
Бұдан басқа не келеді қолыңнан
ҰЛЫ АСТАНАМ
Сүйдім сүйдім бар жаныммен
Қиялыммен арманыммен
Сүйдім сені өзен көлің
Сүйдім сені орманыңмен
Сүйдім сүйдім ақ пейілін
Бар әлемнен дос таба алған
Сүйдім сүйдім Астанамды
Жақсылықтар бастау алған
Қ-сы:
Сүйдім сүйдім жүрегіммен
Саған бақыт тіледім мен
Не көрсем де бақыттымын
Ұлы Астана ұлы еліммен
Жарқырай бер сен Астана
Ертеңіңе сенемін мен
Құшағыңды аш гүл Астана
Өзіңді аңсап келемін мен
Ұланыңмын жауаптымын
Күлкісіне сәбидің мен
Көзімді алмай күзетемін
Тыныштығын әр үйдің мен
Ұлы далам даналығы
Ғасырлармен асқар асқан
Сүйдім сенің ұланғайыр
Тарихыңды тасқа басқан
ДОСТАРЫМ
Жанымда болар қуанғанда
Жабырқап бастан күн ауғанда
Арылтар ойды тұманнан да
Шын достарым шын достарым
Бір тілек мақсат бір арманда
Сынбайтын еш бір сыналғанда
Сендерге жетер бұл жалғанда
Басқа кім басқа кім
Қ-сы:
Достарым менің бірге өткізген
Қимас шақтарды
Қасқағымда өмір өтсе дағы
Шын достық мәңгі
Бала күн зулап өтті бірақ
Сыйластық қалды
Саламын достар сендерге арнап
Шырқап осы әнді достарым
Ұмытпай достар ешбіріңді
Есіме алам ескі күнді
Қандай жол алдан тоссын кімді
Біз көп болып бірге аттадық
Өткізбей бес күн бос ғұмырды
Дос үшін тағдыр кештік түрлі
Болсын деп біздің достық үлгі
Ақтайық сақтайық
Ғашықпын
Ойламайын десем де,
Сенсіз бақыт кешембе?
Сезім атты көшемде, Тұратын қыз.
Аңсап айлар жылжуда
Айналғансың тың жырға
Бір-ақ рет мың жылда туатын қыз.
Қ-сы
Ооо ғашықпын,
Жаным саған соны айтуға асықтым.
Тек өзіңе шынайымын ашықпын.
Ооо ғашықпын,
Жүрегімді тербедің де тасыттың,
Дидарыңа жүрген нұрын шашып күн.
Ғашықпын.
Арманымның шыңысың
Ал жанымның сырысың
Қайталанбас гүлісің қиял бақтың
Махаббаттың сөздері
Айтылмауға төзбеді.
Дәл өзіңдей өзгені сүйе алмаппын.
2014
Ұмыттың баҰМЫТТЫҢ БА?
Арманыма неге қостым
Саған дұшпан, саған доспын
Гүлдерiммен қызыл-қызыл
Жолдарыңда неге тостым
Мына жүрек тiл алмайды
Сенi есiнен шығармайды
Қайда десем мекенiңдi
Аң да, құс та бiле алмайды
Қ-сы:
Ұмыттың ба?
Ұмыттың ба сен менi
Өмiр бәрiн
Уақыт бәрiн емдедi
Үмiт жүгiн артып келем
Оралсаңшы қорқып келем
Сенi өзгеден артық көрем
Бiлмеймiн
Арамызға жылдар салып
Жолсыздарға жолдар салып
Мен өзiңдi бұл күндерi iздеп келем
Бiр қарашы толған айға
Саған бiр ой сыйламай ма
Бiр күндерi көктем келiп
Жүрегiңдi қинамай ма
Аңдап баспай абайламай
Жан-дүниемнiң тоналғаны ай
Ендi ұмыта бергенiмде
Құстардың да оралғаны ай
АНА
Сен маған көз ілмей жаксылық тіледің
Әнім ақ тілегім ұсынған жүрегім
Ұл қызың еңбегіңді жүз өтесін
Жел соқса керегемді түзетесің
Сезем ғой күндіз түні кірпік ілмей
Сен менің бақытымды күзетесің
Қ-сы:
Ана сен асылым ана жанашырым
Өмір шырағысың мейірім бұлағысың
Ана данамызда ана панамызда
Алла куат беріп жүзге жет арамызда
Сүй дедің еліңді құшағын жайды ұлың
Сен берген өнеге өмірлік байлығым
Садаға шуақ толы жанарыңнан
Ас өтпей алаңдайсың тамағыңнан
Япыр-ай дүниеде қымбат барма
Анаға ұл қызының хабарынан
Екіге жүрек бөлініп
Жүзіңе арайлым, мен қарай алмай қараймын,
Байландым саған қайдан, жаным?!
Өртенер, жанар деп ,
Жолыңды күтіп қалар деп,
Сен неге мені ойламадың?
Қ-сы:
Екіге жүрек бөлініп,
Мезгілсіз кезде көрініп,
Қайғыға салдың.
Жан дүниемді ұрладың,
Бұлбұлсыз кезде гүл бағым,
Сен қайда қалдың?
Мен қайда,сен қайда?
Қос жағадамыз оңай ма?
Өткелсіз өзен ол тулайды.
Жаз өтті,қаз өтті,
Демесің қызық аз өтті.
Аз күнде күндер салқындайды.
Ай ару
Жүректі өртеді жайлап от,
Сен бүгін сүйіктім қайдасың?,
Теңеуші ем өзіңді айға көп,,
Айналып кеттің бе айға шын?,
Қ-сы:,
Аспанда десең мекенім,
Білемін биік екенін,
Оған да жаным жетемін,
Шын сүйген жаным Ай ару,
Кіршіксіз таза сезіммен,
Бір хабар күтіп өзіңнен,
Күн кешіп жүрмін төзіммен,
Шын сүйген жаным Ай ару,
Тезірек оралшы жарығым
Арылтып жанымды қайғыдан,
Құлпырсын қайтадын әр күнім,
Нұр шашып ажарың ай толған,
АҚ КЕМЕ
Сен шақырдың бақытқа, кім не десе о десін
Мен шақырдым теңізге, махаббаттың кемесін
Неге сонша ойландың, басталғанда дүрбелең
Сапар алыс уақыт аз, сен ғой маған жүр деген
Қ-сы:
Түсіп қалғын келеме, көңілімді елеме
Мен арманға шақырып, неге міндің кемеге
Толқындар сап араға, қалғын келіп барама
Ақ жол саған ақ тілек бұрылыпта қарама
Ақ кемені лақтырып, көк теңізге ескегін
Жалғыз тастап дауылға, не істедің-ай не істедің
Бұл өмірде бақытты оңай келсе, бақ деме
Бәлкім жетер не жетпес ақ бақытқа ақ кеме
Әнім жаным
Еркімді еншілеп ертегі сезім
Жүректі тербейсің еркем бір өзің.
Жайдарлы жүзіңе жарасып тұр-ау
Сымбатың, қылығың, көркем мінезің.
Қ-сы:
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өренім,
Тұңғиық тереңім,
Әнім-жаным, бағым сен едің
Әнім-жаным, бағым сен едің.
Ән жаздым ұйқымның мың таңын ұрлап,
Жүр қазір сол әнді жұрт әлі тыңдап.
Сен үшін сезімнің іңкәрі жұмбақ,
Мен үшін шашыңның бір талы қымбат.
Үмітпен нұрланар таңдарым алда,
Алдағы арманның алдары бар ма?
Өзіңдей бақ құсым қондырса қолға
Біздердей серінің арманы бар ма?
ҚАРТТАР ҮЙІ
Көзінен бұл-бұл ұшып мақпал күйi
Тар бөлме болды тағдыр тартқан сыйы
Ардақты әке менен аналардың
Баратын жері ма еді қарттар үйi
Қ-сы:
Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді терезеден аңсағанын
Акесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың
Осы ма қартайганда көрмегені
Бір орын жетпеді ме бөлмедегі
Бауырым ата-анаңа не жасасаң
Алдына сенің де ертең сол келеді
Қарттықтың бәріне ортақ ақпар күйі
Есіне келер ұрпақ сақтар жиi
Қасиет болса егер ұл мен қызда
Қазақта болмау керек қарттар үйi
Мен жоғалтқан түндер,
Кім біледі кім көрді?
Мен жоғалтқан күндерді
Неге ұмытып қалдым мен
Қайғы мұңсыз күлгенді
Алаулаған таңдарды
Манаураған түндерді
Түн ішінде есіме түсірмей ме бір белгі
Сенсіз өткен әр күннен, сенсіз терген әр гүлден
Елесіңді іздеймін, көздерінен таң күлген
Жан дүнием қосылып сенсіз жауған жаңбырмен
Уақытымнан кешігіп өкініште қалдым мен
Қ-сы:
Ешкімді сағынбаймын
Ешкімді іздемеймін
Білмеймін сезімнен бе ақылдан ба
Неліктен кездеспедім
Өзіме жүрегімдей,
Өзіме жүрегімдей жақын жанға?
Еріп кеткен ақ қардай,
Желіп те өткен тоқталмай.
Жас дәуренім бір жерде,
Жасырынып жатқандай
Сырғып өткен жылдардың,
Сырын кімнен тыңдармын
Өтер ме екем бір жанның,
Жүрегіңде сақталмай
ӨЗІҢ БІЛ
Кеудемде бір қиял кезіп жүр
Көрінбей кеткен елес
Бар болсаң қайтадан сезіндір
Өткенім өкпелемес
Еркелеп жүретін кезің бір
Есімнен кеткен емес
Орала алмасаң өзің біл
Күзден соң көктем емес
Өзің біл, өшпейтін сезім бол
Қ-сы:
Кінәлай береді бекер бізді
Үмітім ақ таңын атырады
Әлі де кеш емес кеш емес екеуімізді
Бақыттың бақыттың аралы шақырады бізді
Жүрегім онсызда сезіп жүр
Жоқ десем сенген емес
Шырағы сөнбеген сезім бұл
Бір маза берген емес
Өкіне білгенде өзім бұл
Ешкімнен көрген емес
Көзімнің ішінде көзім жүр
Көрмеуге көнген емес
Өзім бұл риясыз сөзім бұл
Сағынам сені
Тым алыстасың, жырақ ұшқансың,
Белгілі барсам, құрақ ұшпасың.
Арнаған саған, қалмаған шарам
Аялдамады арман аңсаған.
Қ-сы
Өткен күндер оралмас сезім сол алғаш,
Енді өзгелер қайтейін сендей бола алмас.
Жалғыздықтың бар шегі әлі қанша еді?
Адасқанша ақылым сағынам сені.
Келер күндерге көнермін мен де,
Көзімнің алдын көмермін көлге.
Өтпелі арманым, тек қана алдадың,
Өкіндірсең де жек көре алмадым.
Қ-сы
Өткен күндер оралмас сезім сол алғаш,
Енді өзгелер қайтейін сендей бола алмас.
Жалғыздықтың бар шегі әлі қанша еді?
Адасқанша ақылым сағынам сені.
САҒЫНДЫМ
Кейде қатты кейде жай
Мен туралы ойламай
Қанат қақтың биік- биік
Сезім оттай арман-ақ
Бір келер деп жол қарап
Ғашық жүрек қалды сүйіп
Қ-сы:
Бұлбұлдар сайрайды
Сағыныш қайнайды
Бағыма келіп жайнашы
Жайна гүлім
Мен күзгі бақтаймын
Іздесем таппаймын
Жаным ау келші қайдасың
Қайда күнім
Сені көрсем көктемдей
Ой-санама шақ келмей
Күнде түстім жаралысқа
Қандай асау сезім бұл
Өртесең де өзің біл
Оттай ыстық сағынышқа
СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ
Сені көрдім
Көрдімде тоқтай калдым
Жан дүнием
Оянып оттай жандым
Осы екен-ау
Расында бақыт деген
Сенен артық
Ешкімді таппай қалдым
Қ-сы:
Сен бақытсың
Оятқан ақ таңдағы
Періштемсің
Қорғаған арқамдағы
Енді менің қанатым талмайды
Ақ бұлттардай көңілім самғайды
Сен жанымда болсаң махаббатым
Ешкім мені мұңайта алмайды
Жүрегің мен қолыңды
Маған сеніп тапсыр да
Кіре берші өміріме жатсынба
Жүрегің мен қолыңды
Маған сеніп тапсыр да
Кіре берші өміріме жатсынба
Кәусәрімсің сан жетпес бағасына
Сен ізетсің қазақтың даласына
Маған деген махаббат ұялаған
Мен ғашықпын көзіңнің қарасына
ТЫМ БОЛМАСА
Енді көрмеймін мөлдір көзіңді жанымды баураған
Енді сезбеймін сол бір сезімді биікке самғаған
Жүрегім бірақ, жүрегім бірақ әлі сен дейді
Алыстап менен кеткеніңе шын жаным сенбейді
Қ-сы:
Тым болмаса сүйемін деп алда, мені алда
Тым болмаса күтемін деп алда, мені алда
Көнемін үнсіз алдауыңа да амалым барма
Білмеймін сенсіз күтеді нелер жанымау алда
Болашағымды сенімен бірге болар ма деп ем
Өзіңсіз мына кеудемде сөнбес арманға сенем
Жүрегім бірақ, жүрегім бірақ әлі сен дейді
Алыстап менен кеткеніңе шын жаным сенбейді
САҒЫНДЫМ СЕНІ
Көктегі айсың таусылмас ойсың
Қайдасың жаным
Көктемдей неге оралмайсың
Сені іздейді бұл журек
Қайда жүрсің қара көзің мөлдіреп
Қ-сы:
Сені, сағындым сені
Сыздайды жүрек
Жанымның емі
Сағындым сені
Үйсеңде мұңды
Сүйсеңде кімді?
Бақытым менің
Тілеймін амандығыңды
Бар жақсыны сен деймін
Сенен басқа ештеңе де көрмеймін
МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ
Бірде бұлтты, бұлтсыз тым, ерке тым арайлы,
Ұясын сағынып күн батып барады
Сені таба алмай жанады оттай сағынышым
Мұң толы жанарым мен қайтіп барамын
Бір күні ғайыптан тіл қаттың
Тіл қаттың да қанды тулаттың
Қ-сы:
Толықсыған ай жаңа туды
Сен мен үшін жар қара түнді
Маған қарай жай қанатыңды
Тағатсыз күн түн ағылады
Жүрек аңсайды сағынады
Жылай алмай жәй ауырады
Менің жүрегім
Менің жүрегім
Көкте самғадық талмадық бақыттан бас айналып
Армандар жалғасты көктем жаз алмасты
Неге ұша алмай менен жәй жәй қала бердің
Өзіңді жоғалттым ізіңді қар басты
Барады түрлі ойдан қайнап іш
Бос емес ұялы байланыс
Барады түрлі ойдан қайнап іш
Бос емес ұялы байланыс
ӨМІР ЖОЛЫ
Құп көріп тәңір
Болумен әмір
Жаралып іште денеміз
Өмірге біздер келеміз
Ақ пенен қара
Бақ пенен нала
Күреске бірден енеміз
Жеңілеміз де жеңеміз
Қ-сы:
Бұл өмір сынақ
Біреулер жылап
Біреулер шыдап көтерер
Имандық бір тек
Жаманнан бүркеп
Жақсыға жүр деп жетелер
Жақсыға жүр деп,
Жүр деп жетелер
Жақсы да болсын
Жаман да болсын
Ұяда нені көреміз
Ұрпаққа соны береміз
Белгісіз бақыт
Байқатпай уақыт
Аялдамаға жетеміз
Тоқтайды сөйтіп кемеміз
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Кім бар сендей сұлулығы асқан,
Шұғыласын бар ғаламға шашқан,
Байқадың ба өзің жүрген жерлер,
Бұлттан кейін ашылғандай аспан.
Қ-сы
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде.
Толған айсың сүттей әппәқ түнде.
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге.
Бір күн жылап жүрегімде арман
Сені амалсыз ұшырамын қолдан.
Кім бар мендей ыстықтығыңа күйіп,
Кім бар мендей аязыңа тоңған.
Қ-сы
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде.
Толған айсың сүттей әппәқ түнде.
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге.
ІНІМЕ
Сәл бір сәтке қоя тұршы тірлікті
Қу тірліктер жеңілмейді кіл мықты
Саған айтар ақылым бар бауырым
Мен айтпасам кім айтады шындықты
Ақылдарын тыңдай бергін бәрінің
Бірақ бірақ өз ақылың қаруың
Әр қадамды ойланып бас болмаса
Өмір бойы ақталасың жарығым
Қ-сы:
Ей інім өмірде байқа күнім
Сәл аңдамай қате бастыңба
Қауіп деген аяқ астында
Ей інім өмірде байқа күнім
Қолыңда тұр өмір кесесі
Абайлап шайқа күнім
Таза жерден алыстасаң бесіктей
Қулық сұмдық қуалайды кешікпей
Мен айтайын қалма бауырым есітпей
Жер бетінде таза жер жоқ мешіттей
Білместіктен біз аңсадық боранды
Содан біздің қанша уақыт жоғалды
Сен биікке шыққан сайын бауырым
Ауызымнан тастамаймын тобамды
ШЫНЫМЕН САҒЫНБАЙ ЖҮР ДЕЙСІҢ БЕ?
Толқумен күн кешіп
Киялмен тілдесіп
Елестей елігіп ертеңіңе
Көңілді шуақты
Мұң басқан сияқты
Өкініш өзекті өртеді ме
Қ-сы:
Арманым шын
Ардағымсың
Арайланып атқан таңдай
Жан жарымсың
Бағланымсың
Таттілігің шекер балдай
Жаныма егізім
Саумалдай лебізің
Қиялға қанатты серметсеңші
Сыйлашы куаныш
Көнілге жұбаныш
Үміттің бесігін тербетсеңші
2013
Бейкүнә жүрекБЕЙКҮНӘ ЖҮРЕК
Аяулы жан ақтамақ, арманым,сүйгенім,
Судай мөлдір,сүттей ақ сендей жан көрмедім.
Үміт толы түндер,қайда қызыл гүлдер,
Сен қайда,мен қайдамын?
Тұру қайта құлау кім тоқтатар мынау,
Махаббаттың майданын.
Қ-сы:
Бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә жүрегім
Күтуден талмайды
Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі
Жұбата алмаймын
Ұстай берсем қолыммен, алдайсың сағымдай,
Бар әлемді билеуші ем, барады бағынбай.
Саған ақ тілегін, жасырмай жүрегім,
Ақ қанатын қақты мың.
Күлімдеп батты күн, қайдасың шаттығым,
Уайымдаймын ақ гүлім.
АҚТАМАҚ
Тағдыр деген біреулер
Жол дейді ғой шырғалаң
Жүрек сені қалайды
Мен қалайша құр қалам
Ақтамағым ән маған
Сен едің ғой жыр маған
Күндіз менің күлкімді
Түнде ұйқымды ұрлаған
Қ-сы:
Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің
Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің
Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың
Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын
Ақтамақ-ай, Ақтамақ
Жоғаласың мақтап-ап,
Елесімді мен жүрмін
Жүрегіме сақтап — ап.
Жүрмін жолға көп қарап
Қорқам сені біреулер
Кете ме деп топтан ап
АҒАЛАРЫМ
Біз жүрміз бұл күндері күліп те ойнап,
Кей кездерде кетерміз хабарсыз айлап
Жүрегіңнен айналдым жүргендерің
Тамағыңнан ас өтпей ініңді ойлап
Қ-сы:
Қалай ғана ақтар екем сенімдеріңді
Жүрсем екен нұрға бөлеп өмірлеріңді
Байлығым ағаларым Айбыным ағаларым
Өздерің көрсеттіңдер бакыттың жағалауын
Аман бол ағаларым
Сауыттай ағаларым Бақ мекен араларың
Сендерді баға жетпес асылға бағаладым
Аман бол ағаларым
Қанаттыға қақтырмай қорған болдың сен
Кұлынтайдай жарыссақ қалған болдың сен
Қайда жүрсем уайымдап іздеп келесің
Ағасы жоқ жандарға арман болдың сен
АСЫЛ ӘКЕ
Өмірдегі бақ тірегім
Дара қыран жан әке
Сенің әр-бір ақ тілегің
Маған ұран жан әке
Болашағы бар қашанда
Адаспас жол нұсқадың
Келуші еді әр қашанда
Менің саған ұқсағым
Қ-сы:
Асқар тау болып жанымызда
Куә болып өскен шағымызға
Аман жүр біздің бағымызға
Асыл әке Асыл әке
Салқынын сезбей қара-күздің
Тірегі болып балаңыздың
Серігі болып анамыздың
Аман жүрші асыл әке
Белгісіндей құдіреттің
Бабалардың ізісің
Қаншама жол жүріп өттің
Сен қайыспай біз үшін
Сөндірмеген жан алауын
Жан әкешім тарланам
Адал болып балаларың
Орындалсын арманың
АТА АНАҢДЫ СЫЙЛА
Сұрауы судың да бар, тастың да бар,
Дүние - қуғандарға қашқын болар.
Барында ата-анаңды сыйламасаң,
Жігіттер дүниеңнің астында қал.
Жігіттер жеңің қайсы, жағаң қайсы,
Несіне қу тірлікке алаңдайсың.
Жалғанда жар табылар бала бітер,
Жоғалтсаң ата-анаңды таба алмайсың.
Қ-сы:
Қу тірлік арманыңды отамасын,
Болашақ намыссыз деп атамасын.
Жігіттер ата-анаңның хабарын біл,
Біреулер іздеп жүр ғой ата-анасын.
Жігіттер теңге басты, теңге басты,
Тұрғанда теңге жұтпай емде басты.
Сыйлап қал ата-анаңды қуат барда,
Ішерсің бір күндері берген асты.
Жігіттер, дүние деген қызыл түлкі,
Соңынан ілескенде етер күлкі.
Разыға ата-анасы, Алла разы.
Алланың таусылмайды берер мүлкі.
Жігіттер жорға мінген, жорға мінген,
Күн келер сол жорғаға зорға мінген.
Сыйла да ата-анаңды жәннәтқа кір
Дүниені пайғамбардай барма білген.
Ауылға сағыныш
Қызғалдақтар құлпырады белдегі
Аққу қаздар ән салады көлдегі
Бар корініс түрленеді елдегі
Сағынышты бірге тойлап мендегі
Қ-сы:
Құтты болсын айтып келін алғанға
Сәлем беріп күміс сақал шалдарға
Жүрші досым бірге барып қайтайық
Ауылдағы ақ пейілді жандарға
Елге барсам ерке самал еседі
Көңіліңмен күйбен тірлік көшеді
Дос құрбымен бірге жүрген кешегі
Бір аралап қайтайықшы көшені
Қымыранмен қымыз ішсем бал тамған
Тұлпар мініп құмда қалсын қолтаңбам
Сыр тартайын ай мен жұлдыз шолпаннан
Көк майсаға жата қалып шалқамнан
БІЛМЕЙМІН
Ұялап ішімде мүң,
Мың сұрақ ішіндемін.
Қоспайтын шын ғашығын,
Сезімді түсінбедім.
Дауылмен күзде соққан,
Бағынып бізде соған.
Амалсыз айрылдық қой,
Арманнан біз аңсаған.
Қ-сы:
Білмеймін, білмеймін,
Мұңаям күлмеймін.
Кінәлі бәріне,
Кінәлі кім деймін?
Білмеймін, білмеймін,
Мұңаям күлмеймін.
Кінәлі бәріне,
Кінәлі кім деймін?
Кеудеме мұңды тағып,
Барады сырғып уақыт.
Қол бұлғап кетті неге?
Күтпестен бізді бақыт.
Жүректе сөніп арай
Қалатын көңіл талай.
Шынайы ғашықтарда,
Екен ғой өмір солай.
ЖАРЫҒЫМ - АЙ
Тереземнің алдында ай тұрады,
Теңізінде арманның мен тұрамын.
Айдай болып түскенде сен есіме,
Ақ гүл ұстап жүрегім ұмтылады.
Қ-сы:
Жарығым-ай,
Осы сенің өзгермес қалыбың-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.
Тереземнің алдында күн тұрады,
Терең ойдың ішінде мен тұрамын.
Күндей күліп түскенде сен есіме,<
Көз алдымда дүние құлпырады
ҚАНАТЫҢНЫҢ ТҮСІ
Сағындым ба, сағындым ба
Көңіл-күй жоқ ой мазалы.
Неге қондың маған келіп,
Сезімдердің шын ғазалы.
Қою түнде есіміңді
Жұлдыздармен кім жазады.
Кімнің туып айы оңынан
Болар екен кім жазалы.
Қ-сы:
Жердің бетін киіндіріп
Қанатыңның түсіне сай.
Кім сенімен мақтануда
Жүрсің жаным жерлерде қай?
Сары алтындай сағыныш-ай
Оттай жанған жүрегім-ай.
Жалғыздықты көкте Жалғыз
Бір түсінсе, түсінер-ай.
Кірпігіңмен үп еткіз де,
Үміт отын жандырсаңшы.
Жаз боп кел де, қуаныштан
Мені есімнен тандырсаңшы.
Не болмаса өзің келіп
Көңілімді қалдырсаңшы.
Күз боп кел де, сұрланып ап,
Сары жапырақ жаудырсаңшы.
ҚАЗАҒЫМ
Әулие мен абызын бағыт қылған қазағым
Домбыра мен қобызын шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағын суат қылған қазағым
Тұлпары мен қыранын қуат қылған қазағым
Қ-сы:
Қазағым, қазағым, оралмасын азабың,
Тарқамасын базарың қайсар халкым-ай.
Қазағым, қазағым сарқылмасын өз әнің
Бузылмасын ажарын дархан халкым ай
Отырса да есікте тасып толған қазағым,
Аруына бесікте ғашық болған қазағым.
Жазылмайтын уәдесін қазық қылған қазағым
Жаңылмайтын кәдесін азық қылган қазағым
Ақылы мен тақымын суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын ұмытпаған қазағым
Қара сөзбен шешені ес бермеген қазағым
Елін сүйген көсемін қастерлеген қазағым
ҚЫЗДАР-АЙ
Әнімсің ару қыздар,сәнімсің ару қыздар.
Лаулаған кеудемдегі, жалынсың ару қыздар.
Жаз дидар, жанар қандай, аяулы жан армандай,
Қыздардың күлкісімен, дүние жаңарғандай.
Қ-сы:
Шуақты күндерім-ай,
Арайлы гүлдерім-ай.
Жаныма баянды бақыт сыйлаған,
Сұлу қыз, сырға бекем.
Бір сені жырлап өтем,
Қол жетпес сұлудай, жанды қинаған.
Арулар қандайсыңдар, арайлы таңдайсыңдар.
Еркелеп күліп қана, алаңсыз арбайсыңдар.
Арулар әнші бағы, арулар таң шынары.
Маздаған махаббаттың, мәңгілік шамшырағы.
Нұр шашып жанғандар-ай, әуреге салған талай,
Ай мүсін, аққу мойын, арулар, армандар-ай.
Ән қылып ұсынамын, жүректің ізгі арманын.
Жайнаңдар, жадыраңдар, қыздар-ай, қызғалдағым.
МАРАЛЫМ
Төбемізде тымық түн,
Көздеріңнен сыр ұқтым.
Бал әнің мен баурадың!
Жанарың мен жылыттың
Әппағым ау, Әппағым
Таңғышықтай тұнықсың
Қарақат көз қылықтым
Әй қылықтым
Қ-сы:
Әппақ маралым,
Маралым оттай жанарың,
Жанарың нұрлы жамалың
Қаладым сені,бал әнім.
Маралым менің, маралым.
Маралым оттай жанарың,
Жанарың нұрлы жамалың
Қаладым сені,бал әнім.
Сені өмірлік серігім
Алдамайды сезімім
Жырақ кетпе жанымнан!
Жылатпасын, мені мұң
Гүлдей нәзік ажарлым
Күндей нұрлы көңілің
Еркелеген елігім
Ей елігім!
МАХАББАТ ҚОРҒАН
Бір нәрсе айдан анық,
Жане де күннен жарық.
Жүрсек те қайда барып,
Қойсақ та қайда қалып.
Оралып жыл құсындай
Соғармыз қайта айналып
Қ-сы:
Қиял қарлығаш сағым сандуғаш,
Көңіл көгершін көктен көрерсің
Аққуда арман, гаккуде жалған
Өмірде орман, махаббат қорған
Дер едік егер салса,
Біздерге бақыт қонса.
Қаншалық қиын болса
Зейнеті болар сонша
Барі де ғажап емес
Жолымыз болып қалса
Баріде ғажап емес
Жолымыз болып қалса
Күн жақсы жолыққанша
Ай жарық толыққанша
Біздерді күтіп тұрған,
Алдағы жорық қанша
Қоштаспай кете бардық
Қайтейк амал қанша
Қоштаспай кете бардық
Қайтейік амал қанша
Махаббатым кеудемде жүректі өртеп барады
Бірде шаттық бірде мұң.
Өтіп жатыр күндерім,
Жүрегіммен бір ме едің?
Сені іздеймін қарағым,
Өтіп жатыр жылдарым,
Ішімді өртеп сырларым,
Неге ұйқымды ұрладың?
Айсыз түннің алауы.
Қ-сы:
Толқын соғып жағаны
Сен билейсің сананы,
Мен жүремін білдірмей
Ішім оттай жанады.
Мұңға толып жанарым
Аңсап бақыт аралын,
Махаббатым кеудемде
Жүректі өртеп барады.
Өзің жоқсың оралған,
Сол арманым сол арман,
Қайтер екем жүректі?
Сағынышқа қамалған.
Өкпелемеңіз
Кездесіп едік Көк-Төбеде біз
Ерніңнен балдай төгіліп лебіз
Оянбасын деп ғашыктық дерті
Көрінбей кеттім өкпелемеңіз
Қ-сы:
Ай күннен сұрап жүрегім жылап қамығады
Көктем гүлдерді өткен күндерді сағынады
Екеуміз мәнгі бір болсақ деп армандаған күнді аңсап
Жүрегім мұңнан моншақ тағынады
Тауларда тағдырға бағынады
Өткен күндердің бәрі де елес
Сен үшін кеттім мен асып белес
Кешірші жаным өмірде мынау
Ғашықтарды ешкім түсінген емес
Өрік таңдай
Таң бозындай әсем бұлақ қыз едің
Үмітімді қалай бірақ үземін
Жаратылған тотым айдан қабағы
Ақ шырайлы жүзің жайнаң қағады
Қ-сы:
Сезім неткен күшті
Жүрек торға түсті
Өрік таңдай еркем
Өртедің ішті
Жанарыңда тұрар жалын ұшқындап
Сені іздеймін жанды сағыныш сырлап
Кеудемдегі нәзік құсым әндетіп
Терезеңнің барам тұсынан өтіп
Ар айнасын қиын алсаң кірлетіп
Көңілімде қойдың раушан гүлдетіп
Көлдей толам көзді саған аударсам
Көрінеді бізге жағалау қашан
Қ-сы:
О махаббат
Алыс еді ауылың біздің ауылдан
Мінезің бар аумайтын күзгі дауылдан
Болсадағы басылмас сол бір мінезің
Жан дертімнің дауасы жаным бір өзің
Қ-сы
Жаным жаным келші жаным кел күнім
Сен шынарым сенсің әнім сен гүлім
Аққуымдай аялайын жаным сенен, аямайын
Мен шын бақыттың тұнық мөлдірін
Жаулап алып адамның ақыл санасын
Жүрегіме от тастап өртеп барасың
Бар әлемнің жанарын жалғыз қолыңмен
Ұстап тұрар қылықты қайдан табасың
О махаббат бақ құсым маңдайымдағы
О махаббат шөлмісің таңдайымдағы
Жапырақтай үмітім үзіле көрме
Қара күзгі қар басқан сол қайыңдағы
Саған қарай
Мен бұл күндері іздесем де таппаймын
Махаббаттың кім өртеген қамалын
Білесіңбе сен жанды қинап сағыныш
Білесіңбе жоқ екенін амалым
Қ-сы:
Саған қарай шақырады жол біткен
Мен расында шын жүрекпен сүйіппін
Мына өмірде сені мендей кім күткен
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім
Жүрмін мен жаным бұл күндері ойланып
Тағдырымның жазуына байланып
Кеттің сен қайда қайда асықтың қарағым
Кеткенің не ақ бұлттарға айналып
Қ-сы:
Саған қарай шақырады жол біткен
Мен расында шын жүрекпен сүйіппін
Мына өмірде сені мендей кім күткен
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім
САҒЫНЫШ
Мұңға батқан жүректің
Шағаласын шулатып
Сені аңсаймын жанымның
Толқындарын тулатып
Сандуғашқа сайраған
Сен жайлы әнді тыңдатып
Білесіңбе мен үшін
Сені көру, мың бақыт
Қ-сы:
Қалай журсін сағынбай?
Қалай жүрсің үндемей?
Айлы түнде аңсау мен
Әнге салған кім демей?
Мен аңсаймын сол шақты
Күндемейде,түндемей
Сөндірдік ау бекер біз
Үміт отын үрлемей
Өткен күндер расында
Жазылған ны маңдайға
Жүрегімді жұбатып
Түсінетін жан қайда?
Ақ бақытым шалғайда
Жаурамайма тоңбайма?
Мен кінәлі шығармын
Сен кешірсең болмай ма?
СЕНЕН БАСҚА КІМІМ БАР?
Әр бақтың өз бұлбұлы бар
Әр түннің өз жұлдызы бар
Әр кімнің өз сүйгені бар
Сенен басқа кімім бар
Қолымда қызыл гүлім бар
Жүректе аздап мұңым бар
Өртеніп өтер түрім бар
Сеннен басқа кімім бар
Қ-сы:
Жақындап кетсем жандым, күйдім
Өзіңдей жаным мәңгі суйдім
Мына жер бетіне қалай сыйдым мен
Армандайды жүрек сені іздейді
Арамызда болсын теңіз мейлі
От болып, шоқ болып сені сүйдім мен
Арманға толы күнім бар
Ұйқысыз өтпес түнім бар
Өзіңе айтар сырым бар
Сенен басқа кімім бар
Солай
Кеше ғана ғашықтықтың әнін
Бір шырқаған күндер қаншама
Айтшы неге асықтық жаным
Қоштасуға біздер соншама
Сезіміңнің қалай сөнді шамы
Мәңгі сүйіп өтем деп едің
Амал барма солай болды бәрі
Сұрамаймын сенен себебін
Қ-сы:
Солай сені ұмыту болмайды оңай
Адастырған бізді бақыттан тағдырдың жолы-ай
Солай жанарыңнан төгілген арай
Суретіңе сағынып қарай
Өтер күндер талай
Қиялымды алып ұшқан үміт
Оятады күнде өзің боп
Саған деген сағыныштан тұнық
Жүрегімде менің сезім жоқ
Қос арманның бір ағысын неге
Таба алмадық бір болу үшін
Тек сен маған кінәлісің деме
Ұмыта алмай жүргенім үшін
Қ-сы:
СОНДА ДА СҮЙЕМ
Жапырақтай бұл жүрек
Ұмыта алмай жас күнін
Ұмыта алмай аңсайды
Сүйгенінің назды үнін
Менің жаныма менің көзіме
Жаңбыр жауғызып
Сен қайда жүрсің жаным
Сағынады менің жүрегім
Ақылыңды ала ала, сені қолдан ұшырдым
Қайран көңіл қала қала, қол жетпесін түсіндім
Мен калай бакытты елестетем өзіңсіз
Сан гүлдердің ішінен, сонда да сенде көңілім
Қ-сы:
Жаным сен мені сен мені сүймесеңде
Бала жүрегім алдана алмайды
Жылынар бір сөз қимасаң да
Жаным сонда да сүйем
Ақылымды ала ала, сені қолдан ұшырдым
Қайран көңіл қала қала, қол жетпесін түсіндім
Мен калай бакытты елестетем өзіңсіз
Сан гүлдердің ішінен, сонда да сенде көңілім
СҮЙГЕН ЖАНЫМСЫҢ
Жайнаған сен менің қызғалдағымсың
Кездеспей сендей жан күз болғаным шын
Жемісін мен үшін тізген бағымсың
Арай таңымсың сүйген жанымсың
Тал бойында бір мін жоқ түнгі жалынсың
Сағынсам салатын сүйкімді әнімсің
Өзіңсің бақ құсым алтын қауырсын
Сүйген жанымсың сүйген жанымсың
Қ-сы:
Аспанда аққулар тізбектелгенде
Жүрейік сырласып біз көктемдерде
Сағынып өзіңді іздеп келгенде
Оттай жанбайын таппай қалмайын
Мен сені жайдары күнге балайын
Жауқазын ал қызыл гүлге балайын
Сен келіп ашасың көңіл сарайын
Сен толған айым ғашық болайын
Сен едің сағыныш сенсің аңсарым
Жүректің шаттығын қалай тауысамын
Телефон іздесін нәзік саусағың
Жаным аңсадым жаным аңсадым
АНАЛАРҒА АҚ ТІЛЕК
Ақ тілегі орындалып арманның
Ақ бакытын ақша қардай жауған күн
Кұтты болсын туған күнің анашым
Ақ гүлдерге құшағыңыз толған күн
Қ-сы:
Күндер болсын кайғы мұңды білмес бір,
Ағайынға шаттығыңнан үлестір.
Я жаратқан, аналардың бәріне,
Дәл осындай бақытты бір күн кештір.
Билесінде жер мен көктің арасын,
Ұрпақтарың жер бетіне тарасын.
Бүгінгі той аналардың тойлары,
Бала сүймей кім түсінген анасын.
Арман толып шаттық кернеп жүрегім,
Әр бір ана аялаған гүл едің.
Я жаратқан, аналардың бәріне,
Дәл осындай бақытты күн тіледім.
ГҮЛДЕЙ ГҮЛДЕЙСІҢ<
Күндей нұрын күлімдеген
Гүлдей сұлу түріңменен
Сенін отты жанарың ғой
Түн тылсымын тілімдеген
Арайлы асыл алтыным
Жаны жайсаң жарқыным
Жүрегіме қондырдым
Жанарыңның жарқылын
Қ-сы:
Гүлдей, гүлдей, жаным, гүлдейсің,
Жүрегіме жақын жүргейсің
Сенсіз маған өмір жоқтығын,
Беу, қалқам, білгейсің.
Ақылың сай көркіңменен
Ешқандай мін келтірмеген
Екеуміз бір жүрген кезде
Сыр қалмаушы еді шертілмеген
Арайлы асыл алтыным
Жаны жайсаң жарқыным
Жүрегіме қондырдым
Жанарыңның жарқылын
Көркем сұлу келбетіңде
Сендей жан жоқ жер бетінде
Бізге қарап тамсанушы еді
Қос аққу да көл бетінде
Арайлы асыл алтыным
Жаны жайсаң жарқыным
Жүрегіме қондырдым
Жанарыңның жарқылын
ЖАРАЙ МА
Бiр сұлуды ұнатып, дедім оған теңім бол
Жігітім-ау деді ол, әрі ойна...
Иланатын мен емес, өзге маған тең емес,
Қол үзбеймін сенен еш, қалайда...
Қ-сы:
Қаншама қаншама, сұлулар болса да
Сендей жанды көрмеппін, армансың-ау талайға
Күй шерте ән сала, жүресің тамсана
Баз біреуді аңсама жарайма?
Айтқаныма көнбеді, көп қинады ол мені
Махаббаттың еңбегі солайма?
Өткелдері көп пе әлі, өткінші ме жоқ па әлі
Сезім сыры соқпады оңайға.
Бірге жүрер таң сайын
Маған серік болшы айым
Қылам сені ханшайым
Сарайға
Сүйіп қалдым-ау жаным
Қалжың деді ол бәрін
Созып маған қолдарын
Алайда
ЖЫЛАМА МАХАББАТ
Қ-сы:
Жылама махаббат жылама
Саған жылауға болама
Екеумізді тағдыр қоспады-ай
Махаббатсыз өмір бола ма
Аспанда тырналар барады
Әуенге бөлеп даланы
Сыңсуын айтқан сұлудай
Ақ бұлттан алқа тағады
Қалдыма басқа амалы
Толдыма жасқа жанары
Сеніңде бағың солардай
Болдыма жаның жаралы
Қ-сы:
Жылама махаббат жылама
Саған жылауға болама
Екеумізді тағдыр қоспады-ай
Махаббатсыз өмір бола ма
Шаттығы емдеп жаныңның
Татті үні тербеп анімнің
Сол күнді аңсап сабылдым
Соңыңнан еріп сағымның
Жанымды өртеп жалын мұң
Жанартау болып жарылдым
Қайдасың кайда кадірлім
Сағындым сені сағындым
Күзгі қайың
Сағыныштан жарылуға таяумын,
Қала ұйқыда тек мен ғана ояумын,
Қайда сенің жапырақтарың ақ қайың,
Қайда маған жүрек болған аяулым.
Қ-сы:
Сенің ғана жапырағыңа күз келмейді,
Сағыныштан сыр айтарем сөз келмейді,
Жалынсаңда өмір заңы өзгермейді,
Өзгермейді,
Күзгі қайың күзгі қайың,
Көктемге бір жету ғой біздің уайым.
Неге мені қалдырды екен ақпанға,
Неге сені тоңдырды екен ақ қарға,
Кел екеуміз көптен күткен бақтарда,
Жылынайық естен кетпес шақтарға.
Қ-сы:
Өтер өмір аяздық ыстық аптапта,
Мүмкін болса жапырағыңды таптатпа,
Уа тіршілік қайыңға бер көктемді,
Маған төзім беруіңді төқтатпа.
ҚАЙДАСЫҢ
Тәтті түстей арман күндер кездестірді біздерді
Байқамаппын басталғанын жүрек сені іздеуді
Сен сонан соң сөнбейтұғын сағыныш болып орнадың
Шарқ ұрсам да таба алмадым қайда жүрсің арманым
Қ-сы:
Қайдасың қайдасың күтем сені күнде жалындап
Өмірдің заңына асау жүрек қалай бағынбақ
Аңсап өтер күн қалай жетермін
Сағынумен енді өтермін
Сағынумен енді өтермін
Ешкім бізді түсінбеді айырылды жолдағы
Жалғыз пана сол кездегі қол шатырың бар ма әлі
Дәл озіңдей ақ бұлттарға шақыра алмай қойды ешкім
Орындалмас арман болсаң неге маған кездестің?
Арманым
ҚАЙРАН ЖЕҢГЕМ
Есіңде ме жеңеше біздің ағай
Сырласып отырушы едік біз құдадай
Қанды балақ соғысты қарғыс атсын
Қайран жеңгем шыркыңды бұзды қалай
Қ-сы:
Су сұрасам сүт берген айран берген
Қартайып қалыпсың ау қайран жеңгем
Қарғаның валетіндей едірейіп
Қасыңа мына біреу қайдан келген
Қайран жеңгем
Өзің болсаң тым ағат ойланғансың
Басыңа бақыт емес қайғы алғансың
Бұғалықта тұрмайтын асау едің
Қара мұртка қалайша байланғансың
Жүруші еді ауылың мақтан етіп
Аякқа киіп алып саптап етік
Талайларды жүруші едің аттап өтіп
Талайларды кетуші едің таптап өтіп
ҚОЛ СОЗЫП, ҚҰШАҚ ЖАЙҒАН ҚАНДАЙ АДАМ
Әлі де бұл кеудеме толмай арман
Жас көңіл ешнәрсеге болмай алаң
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Қол созып құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Қиалым сәулесімен дірілдеген
Көктегі күнім бекен күлімдеген
Әлде бір көктемдегі сандуғашпа
Жанымды елжіреткен үніңменен
Үніңменен
Қалайша жүрегімді алдай алам
Мен оны жалғыз саған арнай алам
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Дариға-ай құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Бей хабар жүр едім-ғой махаббаттан
Дариға-ай құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Қол созып құшақ жайған қандай адам
Қандай адам
Сүйдім өзіңді
Нұрландырған жер бетін кештегі күндей
Сұлу еді келбетің дестелі гүлдей
Арасынан ақ бұлттың бейнеңді көрдім
Сүйген күндердің мәңгі ұмытылмас естелігіндей
Қ-сы
Мөлдір көзіңді сол бір сезімді сұлу сөзіңді
Сүйдім сүйдім оооо
Сүйдім сүйдім сүйдім өзіңді
Жеткізбейсің қолымды биікте күндей
Көріп тұрып жете алмау күйікпен бірдей
Бірде түстен кетпейсің бірде өңімнен
Түнде көрінген қиялдың сұлу кейіпкеріндей
Қ-сы
Екі тарау жол сыйлап тағдырым мұндай
Не болғанын жаным ау қалдым ұғынбай
Сен кеткелі жүректің дүрсүлі қатты күрсініп жатты
Жаным да таудың жаңғырығындай
СЕНЕН БАСҚА КІМІМ БАР?
Әр бақтың өз бұлбұлы бар
Әр түннің өз жұлдызы бар
Әр кімнің өз сүйгені бар
Сенен басқа кімім бар
Қолымда қызыл гүлім бар
Жүректе аздап мұңым бар
Өртеніп өтер түрім бар
Сеннен басқа кімім бар
Қ-сы:
Жақындап кетсем жандым, күйдім
Өзіңдей жаным мәңгі суйдім
Мына жер бетіне қалай сыйдым мен
Армандайды жүрек сені іздейді
Арамызда болсын теңіз мейлі
От болып, шоқ болып сені сүйдім мен
Арманға толы күнім бар
Ұйқысыз өтпес түнім бар
Өзіңе айтар сырым бар
Сенен басқа кімім бар
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
ЖАРЫҒЫМ - АЙ
Тереземнің алдында ай тұрады,
Теңізінде арманның мен тұрамын.
Айдай болып түскенде сен есіме,
Ақ гүл ұстап жүрегім ұмтылады.
Қ-сы:
Жарығым-ай,
Осы сенің өзгермес қалыбың-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.
Тереземнің алдында күн тұрады,
Терең ойдың ішінде мен тұрамын.
Күндей күліп түскенде сен есіме,
Көз алдымда дүние құлпырады
әні: Б.Есебаев сөзі: Б.Есебаев
Все права защищены
2020