АЛМАТЫ МЕН ШЫМҚАЛА
Күн сүйген маңдайын,
Алатау баурайын.
Жайлаған ару шаһарлар.
Ажары тал-қайың,
Базары әрдайым,
Қайнаған ару шаhарлар.
Төгетін ақ таң нұрын,
Теретін бақтан гүлін,
Ғашықтар тапқан жұбын,
Қалалар!
Қ-сы:
Алматы мен Шымқала,
Сендермен әсем бұл дала.
Аймалап ай мен күн ғана,
Ән қала, жыр қала, гүл қала.
Алматы мен Шымқала,
Жайқалған жасыл гүл қала.
Жүректе тілек бар ғана,
Өркендеп, өсе бер, нұрлана!
Саған да маған да
Ортақ бұл ғаламда,
Гүлденген ару шаһарлар
Жазира даламда,
Жаңарған заманда,
Түрленген ару шаһарлар.
Әніме қосарым да,
Мауқымды басарым да,
Ұқсайтын қос аруға
Қалалар!
әні: Қ.Құрманбаев сөзі: С. Дүйсенгазин
Все права защищены
2020