Ешкімге айтпа
Саған айтқан жан-сырымды ешкімге айтпа,
Сырлы сөзі ұнағанға.
Біз білетін бал-шырынды ешкімге айтпа,
Айта көрме сұрағанға.
Көзіндегі тамшы-мұңды ешкімге айтпа,
Жалғызсырап жылағанда.
Маған айтқан бар шыныңды ешкімге айтпа,
Менен басқа бір адамға
Қайырмасы:
Сенің сұлу түріңді,
Сенің тәтті тіліңді,
Қалай сүйетінімді ешкімге айтпа.
Əлі талай тілдесеміз,
Бақытты күн кешеміз,
Арманымды ешкімге айтпа.
Жаралғандай жан екенсің жақсы көруге,
Көркем еттің гүл-бағымды.
Менің өмір хикаямның басты рөлінде,
Білемісің тұрғаныңды.
Саған ғана құпиямды аштым өмірде,
Шешу үшін жұмбағыңды.
Сан жылдардың сандығындай жас жүрегіңде,
Сақта жаным, сырларымды.
Все права защищены
2020