Ауылға сағыныш
1.Қызғалдақтар құлпырады белдегі,
Аққу-қаздар ән салады көлдегі,
Бар көрініс түрленеді елдегі
Сағынышты бірге тойлап мендегі.
Қайырмасы;
Құтты болсын айтып келін алғанға,
Сәлем беріп күміс сақал шалдарға,
Жүрші достым бірге барып қайтайық
Ауылдағы ақ-пейілді жандарға.
2.Елге барсам ерке самал еседі,
Көңілімнен күйбең тірлік көшеді,
Дос-құрбыммен бірге жүрген кешегі,
Бір аралап қайтайықшы көшені.
Қайырмасы;
3.Қымыран мен қымыз ішсем бал тамған,
Тұлпар мініп құмда қалсын қол таңбам,
Сыр тартайын аймен жұлдыз шолпаннан,
Көк майсаға жата қалып шалқамнан.
Қайырмасы;
әні: Ш.Сүлейменов сөзі: Ш.Сүлейменов
Все права защищены
2020