Ақ бақытым

Ақ бақытым
  • Уақыты :
  • Өлшемі : 9.47 MB
  • Формат: mp3
  • 4054 рет қаралды
  • 67 рет тыңдалды
  • 147 рет жүктелді
Әннің сөзі (текст)

АҚ БАҚЫТЫМ


Қайда, жаным, қайда?
Ақ сезімім айна.
Келші, жаным, келші,
Қанатыңды жай да.
Гүлім болып жайна,
Бақ құсымдай сайра,
Сағынды жүрегім,
Қайда, жаным, қайда?

Қ-сы:
Білсең, айым, жүрек жайын,
Өзіңе ғашық.
Сезім балдай жүр айта алмай,
Сырларын ашып.
Бір жүрейік бір күлейік,
Қуантып тасып.
Сені күттім ақ бақыттың,сарайын ашып
Сарайын ашып...

Жүзің атқан таңдай,
Қараушы едім қанбай.
Не бар екен қымбат,
Біздер алыстардай.
Күйде жүрсің қандай,
Ұшып едің самғай.
Сағынтпай жанымды,
Қал десең де болмай.

Барлық құқықтар қорғалған

2020